Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 172-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Өзi тұрғанымен мелшиiп,
Жап-жалтыр жүзiне,
Кетедi ел сиып.Айна
Тұра қалсам алдына,
Жалтыраған ақ айдын,
Өзiмдi — өзiм мен мына,
Көре аламын ап-айқын.Айна
Мөлдiреп жатқан қос көлге,
Шыныдан тұттым қос перде.Көзәйнек
Ұзын өзен,
Суы жоқ.Жол
Өзi сырық,
Басқан жерi құдық.Таяқ
Оны қақса сәйгүлiк,
Таста жүрер асыр сап,
Ол жоқта жай жүрiп,
Баса алмайды тосырқап.Таға
Байласаң бұйда мұртына,
Жын толтырған ұртын.
Асау көнiп жетекке,
Жуасиды кiлт тына.Мұрындық
Жүргек атқа кiсендi,
Салып едiм, үзе алмай,
Қос аяқтап күшендi.Тұсау
Атам илеп қайысын,
Қажет құрал тiледi.
Атқа, асау тай үшiн.Жүген
Қос iлгектi орындық
Атқа мiнiп алады,
Адам оны орын ғып,
Емiн-еркiн шабады.Ер-тоқым
Сұлап жатқан дiңгегi бар,
Қатар тiзген iлгегi бар.Көген
Әжем бұрымын,
Қазыққа кередi.
Жылжытам деп алға,
Қылышпен передi.Өрмек
Әжемнiң қалпақты таяғы,
Қолына алса жүгiрер,
Шорланып белi бүгiлер.Ұршық
Зыр қағады дөңгелеп,
Бас жағында қалпағы.
Белiнде өспей әңгелек,
Басылмайды тарпаңы.Ұршық
Ернi жырық–
Кiшкене сырық.Ұршық
Мамығы бар,
Құс емес.
Жазығы бар,
Тыс емес.Жастық
Шүберек қабығы,
Iшi құс мамығы.Жастық
Бесiкке iледi,
Әнiн де,
Дәмiн де,
Сәбилер бiледi.Сылдырмақ
Сәбиге сәндi үй,
Әжеге ән-күй.Бесік
Ойлайсың,
Көрсең түйме деп,
Тұмсығын тығып қадалып,
Шағады бадалып,
Ақыры өлер тоқтықтан,
Жан берер оған соқтыққан.Кене
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі