Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 183-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Қадалды бір ине
Нүктедей түймеге.Леп белгісі
Сырғалы құлақ бір,
Үн-түнсіз сұрап тұр.Сұрақ белгісі
![]()
Суреттегі екі шаршының түсі бірдей ма?Саусағыңызды екі шаршының арасына қойып қарап көріңіз...
Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады.Қарлығаш
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.Аю
Күзде ырыс тасыған
Бір керемет бақша бар.
Бұтасының басынан
Жинайды жұрт ақша қар.Мақта
Тілден ұшып,
Құлаққа қонады.Сөз
Аспанға жайып қойған
Ақ мақтам ғайып болған.Ақша бұлт
Бірі үй күзетіп қалса да,
Бірі жүрер қалтада.Құлып пен кілт
Тақия, мұрын, бір құлағы бар,
Самаурын қасында тұрағы бар.Шәйнек
Бірінің ізін бірі басады,
Біріне жеткізбей, бірі қашады.Дөңгелектер
Бір жыланды таяққа іліп алдым,
Ерге қона, пайдасын біліп алдым.Қамшы
Қауын, қарбыз дей алмайсың,
Піскенмен, жей алмайсың.
Жарғаныңмен, қап-қатты,
Ал асқанда, тәп-тәтті.Асқабақ
Сары қозы, көк қозы,
Қарындары тоқ қозы.
Күздігүні көп қозы,
Қыстыгүні жоқ қозы.Қауын-қарбыз
Бір мақұлық жұмыста сорлайды,
Мисыз деп оны жұрт ойлайды.
Саумайды, соғымға соймайды,
Бірақ та мінуін қоймайды.Қол
Отыз екі орағым бар ғажайып,
Әттен, кейін кетеді ғой азайып.Тіс
Бірі қысқа, бірі ұзын он бала,
Жұмысында тындыратын сол ғана.Он саусақ
Кішкене ғана тостаған,
Жер дүниені бастаған.Көз
Түпсіз терең тұңғиық
Бүкіл әлем тұр сыйып.Көз
Қос қабыршақ қабысып,
Қарбызға тұр жабысып.Құлақ
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі