Жасынан тәрбиелеп бала бақтым,
Өсіріп ол баланы жұртқа жақтым.
Күніне екі-үш рет көрмей тұрсам,
Болмайды бұл дүниеде менің нақтым.Егін, ішкен тамақ
Қар астында қыстағаны,
Жасыл бөрік тыстағаны.
Күздің егіні
Ұстарамен алынбас,
Ұйысып тұрған қалың шаш.
Егін
Біздің ел сұратады сегізіңді,
Бұғыдай мойны жуан семізіңді.
Алдынан алақанын төсеп алып,
Тартады тойғызам деп негізіңді.Егін
Жеп жатарда жасқанбай бірді берсең,
Ондап-жүздеп аларсың егер көрсең.
Еш уақытта еңбегің еш болмайды,
Әрекет қып, беріп ал, тіліме ерсең.Егін
Сылдыр-сылдыр кісенім,
Сылдырлайды кісенім,
Құлағында құлпы жоқ,
Құдіретті кісенім.Сәукеле
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Шылдыр-шылдыр жүгенім,
Сұлу қара құнаным.
Көлеңкесі көсіктей,
Ауырлығы асықтай.Сәукеле
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Керегесі тыртық, уығы қысқа,
Керек болған үй екен біздің тұсқа.
Отарға мал айдасам, жолға шықсам,
Үйімді тігіп жүрем жазда, қыста.Бөрік
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Басы жоқ, құсқа біткен екі қанат,
Адамнан қалмаймын деп қылдым талап.
Ішінде қанатының екі жіп бар,
Не нәрсе бұл айтқаным, тезірек тап.Тымақ
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Алды ұзын, арты қысқа,
Беттері өзіне сай әрбір тұста,
Суықта да, жылыда да пана болар,
Таппасаң басыңдағыны қолыңа ұста.Тымақ
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Үшеуі салпы,
Бірі таңқы.
Тымақ
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Жансызға бітеді екен құйрық қанат,
Адамнан қалмаймын деп етер талап,
Ішінде қанатының екі жіп бар,
Не нәрсе бұл айтқаным, тезірек тап.Тымақ
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Ашамайды арта салдым,
Айыл жібін тарта салдым.Тымақ
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Дөп-дөңгелек басы бар,
Маңдайында шашы бар.
Өзің көрген баяғы,
Сапылдайды сабағы.Тымақ
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Төрттен қосқан басы бар,
Маңдайында шашы бар.
Өзің көрген баяғы,
Салпылдайды сабағы.
Тымақ
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Атамдікі - шошақ,
Апамдікі - жалпақ.
Атамның тымағы мен апамның кимешегі
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Бір нәрсе менен биік,
Кейде менен аласа.
Мұндай қызық дүниеде,
Көріп пе едің тамаша.Бөрік
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Бір нәрсе өзі түкті шұбар ала,
Сипаты бек асып тұр көрсең жаңа.
Ішінде шығар жері қиын екен,
Егер де қолға түссе болар пана.Пұшпақ ішік
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Үстi жазық –
Төрт қазық.Үстел
Санаты: Үй заттары туралы жұмбақтар
Шеңберлi есiгi бар,
Жүздеген тесiгi бар.
Iшiне кiргендердiң,
Ұсағы жол табады,
Iрiсi тор қабады.
Ыдыс-аяқ бөлмесi,
Тазалықтың көрмесi.Әбдiра
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Бiреу есiгi,
Тұбiнiң
Көп-ақ тесiгi.Елгезер
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Ұшы үшкiр, сабы бар,
Екi жүзi қайраулы
Бауы менен қабы бар,
Белде жүрер байлаулы.Қанжар
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Құдықтың iшiнен,
Құдық көрдiм.
Бiрiнде – су қайнайды,
Бiрiнде – от жайнайды.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Иiнiнде құлағы,
Iшiнде бұлағы.
Көмейiне от салсаң,
Ызыңдап тұрады.Самауыр
Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Дөңгелек өзi,
Төртеу көзi.
Ұстайды мықтап,
Тұрғанды сырттап.Түйме
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Жайсаң түңлiк,
Жисаң дiңгек.Қолшатыр
Санаты: Үй заттары туралы жұмбақтар
Киiмдегi қуыс,
Ұсақ-түйекке ыдыс.Қалта
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Iшi мата,
Тысы мата,
Арасы мақта,
Төрт бұрышты қабылған,
Бұл не,
Жатарда табылған?Көрпе
Санаты: Үй заттары туралы жұмбақтар
Қандай байлық iшiнде,
Барын өзiм бiлетiн,
Қоймалар көп үстiмде,
Көшiп бiрге жүретiн.Жанқалта
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Ағайынды бес туыс,
Жамылатын тоны бiр.
Бесеуiнде бес қуыс,
Сырттан кiрер жолы бiр.Қолғап
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Аузы бiреу бес құдық,
Қыстыкүнi бойлатам,
Бесеуiне бес құрық.Қолғап
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Есiгi бiреу,
Бөлмесi бесеу.Қолғап
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Қаз-қарта тесiгi бар,
Қақпақсыз есiгi бар.
Көмейiнде тiлi бар,
Аузын буар жiбi бар,
Кеме сынды пошымы,
Бiлсең айтшы, осыны?Бәтеңке
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Судан ғайып,
Әжемде бар
Қос қайық.Кебіс
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Бес айналы туыс,
Тапқаны бiр қуыс.Тырнақ пен етік
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Күнi бойы жүргiзедi,
Үйге де кiргiзедi.
Бiрақ, өзi iзеттi,
Босағада қалып
Шығуымды күтедi.Аяқ киім
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Күндiз
Таяғымды қаптаймын,
Түнде
Босағаға тастаймын.Аяқ киім
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Қолы бар,
Саусағы жоқ.
Мойны бар,
Басы жоқ.Көйлек
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Ерте тұрдым да,
Қос жолға түстiм.Шалбар
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Аузы бiр –
Қос құбыр.Шалбар
Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі