Аманжолмын
Жыр дастаным сақталар мұрағатта,
Көшіріп ал, бауырым, ұнап жатса.
Мұқағали емеспін – Аманжолмын,
Сенетін ақын ұлы ғаламатқа.
Аманжол Әбдіхамитұлы жариялаған өлеңдер осы бетте берілген.
Жыр дастаным сақталар мұрағатта,
Көшіріп ал, бауырым, ұнап жатса.
Мұқағали емеспін – Аманжолмын,
Сенетін ақын ұлы ғаламатқа.
Сырт жүрсем де сүйемін сол аруды,
Содан көрем бейнеммен өз арымды.
Көрсеткім де келмейді еш пендеге,
Жүрегімнің жартысы сол аруда.
Осы өлеңді арнадым балама деп,
Бұл індет менен де жан ала ма деп.
Өлеңімді есіне алып жүрсін,
Қабірімді құшақтап қалар-ау келіп.
Жақсыға жаны құмар,
Білмейтін жамандықты.
Сағындым пәк кезімді,
Сағындым балалықты.
Біз сарбазбыз, қорғап жүрген Отанды,
Отан десе, жас жүрегім от алды.
Бар өмірін арнап жүрген жандар бар,
Қорғау үшін қару алып Отанды.
Таңсәріден күн күлімдер шығыстан,
Егер ит қып жаратқанда Жаратқан,
Дәретпенен кіре алмаушы ем мешітке,
Құтылмақпын онда қалай азаптан?
Ханзададан қойған мені жоғары,
Маған ханша, сізге келін болады.
Бір сұлуды алып келем мен ана,
Қайын жұрттың болған ерке қонағы.
Ғашықпын мен қазақ қызға, қымбатты,
Хор қызындай- сұлу әрі сымбатты.
Қап-қара қас боялмаған тәтті ерін,
Көрген кезім ең бақытты сәттерім!
Болмаған соң жүректей қоймада нұр,
Дейсің ғой, шайтанға еріп, ойна да күл.
Жарқылдап алдар сені бес күн жалған,
Мәңгілік өмірді де ойлана жүр.
Болған соң өмір бұралаң,
Болады жақсы мен жаман.
Бұл өмірде мен көрген
Сұрасаң, халқым, жазайын
Бір жақсы мен бір жаман.
Күтші, жаным,
Мен саған қайтып келем.
Бұл жолы
Келер кезде айтып келем.
Қазір емес, қалқам-ау,
Ренжімеші,
Себебін келген кезде айтып берем!
Ең жақын бауыр, сен жақын бауыр жаныма,
Қуанам сенің әр басқан қадам бағыңа.
Өлең оқыған дауысың сондай тартымды,
Жаныңа қуат, талмай жырласын жағың да.
Мықтысың сексеуілдің шонбайындай,
Ойың көп Қаратаудың жолдарындай.
Тамырың сіңіп кеткен тереңдерге,
Келесің қопарылмай, қолға алынбай.
Әкемдей ердің ұлы екеніме мақтанам,
Салт-дәстүрін санаға мықтап сақтаған!
Анам да менің, Аллаға шүкір, жақсы адам,
Әз басын иіп, алғыс айтады сіздерге:
Қара болса да, жүрегі таза ақ балаң.
Арулар күтіп жүрер «әскерде» - деп,
Ер жігіт шыңдалады әскерге ке(лі)п.
Қадірін де білесің ата-ананың,
Алақанын сағындым әскерге ке(лі)п.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі