Өлеңдер жинағы - 60 бет

Бал бөбек

Сырбай Мәуленов

Ой, бал бөбек, бал бөбек,
Сенен, әттең, жан бөлек.
Торсық шекең толысып,
Сен бір піскен әңгелек.

Толық оқу

Сақшы

Исраил Сапарбай

Қарамайды ол дауылға,
Қарамайды ол жауынға.
Күзетеді қас қақпай,
Туған жердің тауын да.

Толық оқу

Ұя

Қастек Баянбай

Ұя жасап тақтайдан,
Талға апарып байладым.
Жыл құсының шаттанған
Күттім қашан сайрауын.

Толық оқу

Соңғы қар

Қастек Баянбай

Қырға қаптап төл өрген,
Көктем кезі дегенмен.
Жапалақтап қар жауды,
Жер бетіне көгерген.

Толық оқу

Құлыншақ

Сапарғали Бегалин

...Құлақ қадап құрақтан,
Тұяқ киіп болаттан,
Кекіл тағып үкіден,
Түгін алып құндыздан,

Толық оқу

Пингвин

Әдібай Табылды

Пингвин бейне қап:
Жүрісі қызық бұлғаңдап.
Жақындап келсең қашпайды,
Қимылы маңғаз саспайды.

Толық оқу

Апорт

Оразақын Асқар

Қарашы апорт алманы,
Бетінде ұят бар қыздай.
Әр алманың салмағы
Кішігірім қарбыздай.

Толық оқу

Домбыра

Адырбек Сопыбеков

Жүрегі қазағымның бүлкілдеген,
Өнерлі екендігін кім білмеген?
Қарасаң қара шанақ домбырасы,
Халықтың кеудесіндей күмбірлеген.

Толық оқу

Боз бие

Қастек Баянбай

Әжем жиі сауады
Боз биені жаялы.
Бір түспейді қолынан
Ақ шелегі қалайы.

Толық оқу

Неліктен

Оспанхан Әубәкіров

Мен Серіктен
Мынаны сұрадым:
– Шырағым, неліктен
Біз жұмыс істейміз?

Толық оқу

Гүл мен жеміс

Әдібай Табылды

Қос білекті сыбандым,
Бақты күттім, суардым.
Бағым гүлдеп, жайнады,
Онда бұлбұл сайрады.

Толық оқу

Қызанақ

Адырбек Сопыбеков

Бір етек қып қызанақ
Алып келе жатырмын.
Қызыға кеп қарайды ол
Есігінен шатырдың.

Толық оқу

Сыпырғы

Адырбек Сопыбеков

Қыл-қыбыр, қиқым – ол аз ба?
Умаждалған қағаз да,
Шашылып жатса, бұл – қырсық,
Кетеді үйің ыбырсып.

Толық оқу

Киіз үй

Қастек Баянбай

Атам менің айбынды,
Атам менің сүйікті.
Алаңқайға шалғынды
Киіз үйін тігіпті.

Толық оқу

Қымыз

Қастек Баянбай

Менің әжем баланы
Өте жақсы көреді.
Қымыз берсе,
Шараны

Толық оқу

Анам

Қастек Баянбай

Кең бөлмеде мен үнсіз
Отыр едім көңілсіз.
– Халің қалай, ұлым, – деп,
Анам кірді күлімдеп.

Толық оқу

Борасын

Мұзафар Әлімбаев

Ағызып көздің сорасын,
Соғады қыста борасын.
Жап-жас боп қалай тоңасың –
Борасын бұрқап борасын!

Толық оқу

Қиыршық қар

Мұзафар Әлімбаев

Жұлдыз тармақ, жылтырақ,
Қиыршық қар таласып,
Қалықтайды құлдырап
Бір-бірімен жанасып.

Толық оқу

Қорбаң аю

Мұзафар Әлімбаев

Қорбаңбай маймақ
Орманын жайлап,
Шарлайды аймақ:
Балға бір тоймақ...

Толық оқу

Отаным менің

Бүркіт Ысқақов

Көп аузынан түспейтін
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс-кейпін,
Достым, білгің келе ме?

Толық оқу

Дала баласы

Мұзафар Әлімбаев

Бес жасынан ат құлағында ойнайтын,
Ақ шабақша Ертіс суын бойлайтын.
Мен – баласы даланың!
Жеті түнде бес жүз қойдың түс-кейпін

Толық оқу

Жайлау

Оспанхан Әубәкіров

Құздан тулап суы аққан,
Өзен бойы гүл атқан.
Жасыл кілем жайлауды,
Жұрттың бәрі ұнатқан.

Толық оқу

Сәлемшілер

Қастек Баянбай

Осы біздің ақ үйді
Жұрттың бәрі таниды.
Бір қонағы қадірлі.
Түсте аттанып жатады

Толық оқу

Менің інім

Ақылбек Шаяхмет

Менің інім желаяқ,
Жарыстан еш қалмайды.
Оң аяқ пен сол аяқ
Алма-кезек заулайды.

Толық оқу

Менің әпкем

Ақылбек Шаяхмет

Менің әпкем ақылды,
Күнде сабақ оқиды.
Қолы босап қалса егер,
Бізбен шілтер тоқиды.

Толық оқу