Құтты болсын Наурыздарың, бауырлар!
Құтты болсын Наурыздарың, бауырлар!
Көне шаһар, арып-ашқан ауылдар!
Сiз бен бізді жарылқайтын тек қана,
Көктемдегі нөсерлеткен жауындар.
Қазақша өлеңдер жинағы — бұл бөлімде қазақ әдебиетіндегі үздік өлеңдер, әдемі өлең шумақтары және толық өлең мәтіндері топтастырылған. Мұнда әртүрлі тақырыптағы қазақша өлеңдер, жүрекке әсер ететін жырлар мен мазмұнды туындылар ұсынылған.
Осы бөлімде махаббат, өмір, достық, ана, табиғат және басқа да тақырыптарды қамтитын өлеңдерді оқуға болады.
Егер сіз қазақша өлеңдер, қысқа шумақтар немесе толық өлең мәтіндерін іздесеңіз — осы жинақтан таба аласыз. Жаттауға, оқуға немесе бөлісуге арналған ең үздік өлеңдер осы жерде жинақталған.
Құтты болсын Наурыздарың, бауырлар!
Көне шаһар, арып-ашқан ауылдар!
Сiз бен бізді жарылқайтын тек қана,
Көктемдегі нөсерлеткен жауындар.
Көктем нұрын шашалы,
Бұлақ көзін ашқалы.
Бүршiк жара бастады
Оңтүстікте тipшілік.
Сұрарсыңдар туғандар бір күн менен,
Не берді деп саған бұл құрғыр өлең.
Берсін мейлі, бермесін кейінгілер,
Бір адамның болғанын білсін деп ем.
Ай-күнді аптасымен санап жетік,
Жыл сайын артар қуат, сана бекіп.
Біртүрлі қимастықпен, сыйластықпен
2018-де барады өтіп.
Кiм сүймейдi дейсiң ата-мекенiн,
Ал еңбегiн сiңiрдi оған жете кiм.
Құр “сүйеммен” жүре берiп бiлмеппiз,
Туған жерге не берсең де аз екенiн.
Мойыл қара көздерi,
Шекер мен бал – сөздерi.
Гүлдер шоғы секiлдi,
Топ боп шығар өздерi.
Осы қыздың нұрға толса жанары,
Көкірегімде үміт шоғы жанады.
Тіршілігім тұшымдылау, тұщылау,
Сәуір самал сергітеді сананы.
Айналада мүлгіген тыныштық,
Жанымда тек жалғыздық.
Келемін мен түнде тыныстап,
Күбірлеп, өзіме сыбырлап.
Сыйлаңыз гүл әйелдерге,
Аямаңыз әсем күлкініде.
Әйел деген нәзік жандар,
Еркелетіңдер оларды ер –азаматтар.
Сыбдырлайды өзен жағасы,
Жарасымды құрағы мен қамысы,
Күндіз –түні тынбайтын судың да,
Естіледі алыстан дыбысы.
Тілашар той жасадым Саяма,
Баладан еш нәрсеңді аяма.
Атам - бабам тойға шашқан барлығын,
О , құдайым қазақты тойдан айырма.
Шығар менікі дұрыс емес,
Мен жан емеспін үндемес.
Дұрыс болмаса қарым-қатынас,
Айтамын сөздерді ойға келмес.
Жылдар өтті, жатыр жылжып,
Отырмын мен де қалғып –мүлгіп.
Айнаға қараймын іздеп жастығымды.
Сағынышпен кездерді арман қуып.
Көтергім келеді көңілді ,
Керемет қой ойын –күлкі.
Әр нәрсе өз уақытымен,
Дегенге кім сенеді.
Бүгін менің көңіл –күйім тамаша,
Мәз боламын, жүгіріп жас балаша.
Тоқтата алмай күлкімді,
Кенеледі жан – дүнием керемет бір қуанышқа.
Өтіп жатқан жаяу жүргінші,
Біріңнің қабағың қатулы.
Білемін ғой сеземін бәрінде,
Проблемаға ішің толы.
Туған тілім — арымсың, айбынымсың,
Бағаланбас теңдессіз байлығымсың.
Көктегі жарқыраған жұлдызым мен,
Көңілге нұрын төккен ай-күнімсің.
Анау таулар, көк пен бел,
Аманат қой өткеннен
Сүймей оны қайтемін!?
Басқа Отан жоқ менде…
Ұнатып е(ді)м бір адамды бар жаратылыс қалпымен,
Жетік білем ішкі жанын және сыртқы келбетін мен.
Тіпті оның минустарын көрсем дағы көрмегенсіп,
Сырттан қарап үздіксіз,үздіге берем(ін).
Тастанды бала, тасталды бала,
Қоқысқа денең ласталды, бала.
Анашың неге жүрексіз сонша?!
Күңіреніп, көзге жас алды дала...
Өтсе дағы арадан сан ғасырлар,
Халық мәңгі өлеңіңді еске алар.
Сенің әрбір ғибыратты сөздерің,
Ел жадында мәңгілікке сақталар.
Адамдарды қатты сағындым,
Қауіп емес, бақыт сыйлайтын.
Шыншылдарды қатты сағындым,
Бас кетсе де айыл жимайтын.
Сүреңсіз тірлік өтер, өтер,
Бәрі де ұмытылып ертең кетер.
Қалған көңіл жібімейді- ау,
Өткен жағдай келіп жетер.
Түйдек ойлар маза бермес,
Жалғыздықта жанға ермес.
Ойлай, ойлай, ойлар қашты,
Сол кездерім болды елес.
Пагон тағып пақырға паң жасаған
Шетімізден даңғоймыз далбасалау...
Құлшылықты құлдарға көп жасаймыз
Тіршіліктің тынысын аңдаса адам
Жақын маған ата әжем байлығым
Көрмеңіздер ешқашан қайғы мұң
Қымбат маған күлімдеп бір жүргенің
Күлімдеп мен жүремін бір сіздер деп
Менен оқтар өтпейді, оттан өлмеймін.
Жерге сені көмейді, ешкім көрмейді.
Менмін - ұлы құдайдың данқын құртпайтын.
Сенсің - ісі шайтанның, кісі қашатын.
Қырық жыл Құдай бізді сақтағаннан,
Қаншама асу-белес артта қалған,
Қаншама қайрат жұмсау керек болды,
Бітпеуге адал үміт, аппақ арман.
Аға берер уақытың көзді жұмсаң,
Кете берер мағына ішіп қусаң,
Көрге тығар білемін күйбең өмір
Құлазып, бақыт аңсап, жалғыз қалсаң.
Бір күндері кездессе,
Өткен шақ пен болашақ.
Болар ма екен осылай,
Ой салып, алысқа біз қарасақ
Бұл бөлімде қазақша өлеңдер, өлең шумақтары, әдемі өлең жолдары, мағыналы өлеңдер және толық өлең мәтіндері жинақталған.
Өлең шумақтары, қысқа өлеңдер, әсерлі өлең жолдары және жаттауға ыңғайлы шығармаларды осы бөлімнен таба аласыз.
Қысқа өлең іздейтіндер үшін 1 шумақ өлең, 2 шумақ өлең, 3 шумақ өлең форматындағы шығармалар да ұсынылған.
- Нарша Булгакбаев
- Марғұлан Сейсембай
- Әлкей Марғұлан
- Әлкей Марғұлан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі