Сағат туралы жұмбақ жауабымен


Өзінен-өзі айналған бір диірмен,
Көрінеді әр парасы бір бүйірден.
Қылдан нәзік ішінде бір жібі бар,
Қолы епті екен шіркін-ай, кім иірген.

Сағат

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Басқа да жұмбақтар


Алпыс қырат, он екі өзекпенен,
Жүремін деп өзімді тежеп келем.
Үш арғымақ астымда; бірі шабан.
Бірі жүрдек, біреуі безектеген.




Күндіз-түн сарнайды,
Жағы бір талмайды.
Тоқтамай безеді,
Бір ізден танбайды.
Қалсаңыз көз жазып
Өкінтіп алдайды.




«Тик-так», «так-так»,
«Тұр-тұр», «Жат-жат»
– деп әмір береді,
Шаршамай келеді.




Таңдайы тақ, тақ,
Талмайтын неткен жақ!
Бір өзінде екі тіл,
Сөйлемейді бірақ.




Тық-тық ұрып
Шегесін қадап,
Мезгілді саған
Айтады санап.



Жұмбақ бөлімдері мен түрлері