Бұл бөлімде үй заттары туралы жұмбақтар берілген. Тұрмыстық бұйымдарға қатысты қызықты сұрақтар арқылы балалар заттарды тезірек таниды. Мұндай жұмбақтар сөздік қорды байытып, ойлауды дамытады. Әр жұмбақтың жауабы бірге көрсетілген.
Тіс щеткасы
Арқасында шалжиясың,
Түнейсің де әл жиясың.Керует
Қар борайды тербесең,
Ұстап көрші сенбесең.Елеуіш
Қалтамда жатыр тісі бар,
Тістемей-ақ істер ісі бар.Тарақ
Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тіліжоқ, өзіжоқ.
Бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар.Тарақ
Дымқылдап күнде сен,
қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір-ласың,
Тап-тазаболасың.Сабын
Үй ішінде – бөлме,
Бөлме іші – көлде,
Түрлі ұсақ балық
Жүзді сайран салып.Аквариум
Қайнаған шілдеңіз де оған суық,
Ыссыға төзбегенді тығам қуып.Тоңазытқыш
Қысы-жазы үйде тұрады,
Өзі мұзға ұқсайды.
Бетінде сәулесі бар,
Бұл жұмбағым кімге ұнайды.Айна
Екі егіз қарсы келді,
Арасына көк мұз түсе берді,
Біреуі жанды, біреуі жансыз.Айна
Бip ұяда топтасқан,
Түртіп қалсаң, от шашқан.Шырпы
Өзі темір,
Өзi жеңіл.
Есіктерді
Ашар не бip.
Кілт
Өзгенің тазалығы үшін
Өзін құрбан етеді.Сабын
Болмасаң құнтсыз,
Кірлеген сайын
Аспанның бұлтсыз
Нөсері дайын.Душ
Бәрің, бәрің, бәріңді:
Бала-шаға, кәріңді —
Тіпті кемпір-шалды да
Отырады алдына ап.Диван
Мұз жарғыш жүзіп келеді,
Бауыры қызып келеді.
Абайла, оқып түсер,
Ондайлар бұзық келеді.Үтік
Кереңқұлақ өсіп тұр үстелімде.Жұмыс шамы
Қайнаған шілде де оған суық,
Ыссыға төзбегенді тығам қуып.Тоңазытқыш
Алдына бір нәрсе әкеп берсе, тегі,
Оңын сол, солын оң ғып көрсетеді.
Айна
Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не?Айна
Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ тісі бар.
Басыңмен ісі бар. Бұл не?Тарақ
Бұл бөлімде Үй заттары туралы жұмбақтар бойынша жұмбақтар жинақталған. Жұмбақтарды жауабымен бірге оқу ойлау қабілетін, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектеседі.
Үй заттары туралы жұмбақтар – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі