Ақ сиыр тұрып кетер,
Қара сиыр жатып қалар.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Төгілген жерге ақ моншақ,
Ғайып болды сол шақта-ақ.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қыс жатады, жаз тұрады,
Жоқ болса да қол-аяқ қаз тұрады.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қуып едім мойын бұрмады,
Ұстайын деп едім қолға тұрмады.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Өнері жоқ, қолы жоқ,
Сурет салуды біледі.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Кетпейді қасымнан
Сипайды шашымнан.
Желпиді, өбеді,
Бетіме төнеді.
Емес ол жырақта
Көрінбес бірақ та.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ауыл сыртында сайда,
Жатыр үлкен айна.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ақ жылан аяғы да, көзі де жоқ,
Сөйлеген не бір ауыз сөзі де жоқ,
Тоқтамай қысы-жазы жүре берер,
Бір сәтке аялдайтын жері де жоқ.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Аспанға ұшар бу болып,
Жерге қайтар су болып.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көзі жасты,
Тұра қашты.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Тақиям толы сөк,
Ерте тұрсам дым да жоқ.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Алдымда әр түрінен жібек жіптің,
Аспанға әшекейлеп кесте тіктім.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Себелеп інжу шашады,
Сергітіп көңіл ашады.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Там басына тары жайдым.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бір емен жеті терек, алты қайың,
Бұтағы толып жатыр дайым-дайым.
Ішінде шынар терек үш қарағай,
Өңгесін айта беріп не қылайын.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Екеуі де анасы,
Үш жүз алпыс бес баласы,
Отыз ор дуадақ,
Бес балақ сан,
Қырық сегіз патшасы.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Керегенің басында кетпен жаулық,
Кет десем де кетпейді неткен жаулық.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Тақия толы сөк,
Таң атқанда жоқ.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Керегенiң басында кепкен бауыр,
Кесiп алсаң таусылмас неткен бауыр.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Азаяр қыста қызуы,
Молаяр жазда шыжуы.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Аспаннан күбi түстi,
Күбiнiң түбi түстi.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жағалдайдың түйесi
Жар жағалап келедi.
Сауырында таңбасы
Күйiп-жанып келедi.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Түбі мықты жаралған сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып келе жатыр.
Кезек-кезек соғысып, жатып-тұрып,
Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Отты өшіреді,
Шөпті өсіреді.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қысты күні қаптап,
Қонып жатыр бақбақ.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Түнеріп келіп,
Гүл егіп кетеді.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Өзі көкте,
Келбеті көлде.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Күндіз беті таза,
Түнде бетін әжім басты.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көрінбей-ақ көзіңе,
Күш танытар өзіңе.
Шайқап шарбақ, тал-бақты,
Зыр жүгіртер қанбақты.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бары-жоғын білмейсің,
Онысыз өмip сүрмейсің.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Түнде күлімдейді,
Суда дірілдейді.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бейне бір жас балақан,
Шапалақтап алақан,
Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады,
Қыста түсі оңады,
Бұл қандай зат болады?Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ертеңгілік үлкен,
Кешкілік үлкен,
Талма түсте кішкентай.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көк аспанды байытқан
Қара бұлтқа тәп-тәуір
Пайда болып ғайыптан,
Ғайып болды от-тамыр.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көбелек секілді келгенде,
Кеткенде әбжылан сияқты.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Тіріде, басы аманда
Асылып тұрар әмәнда.
Аяғы жерге тимейді,
Аязсыз күнді сүймейді.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Шешесі — су да,
Әкесі — суық.
Көктемде өлер,
Күз күні туып.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көл бетінде керуен жол.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бояуларым қашып кетті,
Көк қағазды басып кетті.
Қатарларын тізіп алды,
Арттарында ізі қалды.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қазан толды кілкілдеп,
Қайнайды жәй бүлкілдеп.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
- Имам Бұхари
- Константин Паустовский
- Исраил Сапарбай
- Исраил Сапарбай
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі