Табиғат туралы жұмбақтар – 3-бет


Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады.



Күн күледі,
Жер түледі.
Бұл қай мезгіл?



Дәмі де жоқ, түсі жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ.



Қара таудай буралар,
Қара бұйра шудалар.
Бура жерге шөгеді,
Бұлау терін төгеді.



Бой жаза алмай, ойнай алмай
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?



Құйсаң шығар гүл өсіп,
Қатады қыста сіресіп.



Көз жасты – жылауық,
Келе жатыр бір алып.
Жабырқаса жылайды,
Жадыраса тарайды.



Аппақ, бірақ сүт емес,
Аппақ, бірақ бор емес,
Аспаннан ол түседі,
Даланы ақпен жабады.



Жабағыны ұшырдым
Жерге моншақ түсірдім.



Гуілдейді құлаққа
Оны ешкім көрмейді.



Жиып-теріп болатын
Қанбаға астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгілде болатын?



Қар суы еріп, сай-салаға толады,
Жер көгеріп, бүршік атып,
Жайлау малға толады.
Бөбектерім айтындаршы,
Бұл қай кезде болады?



Бос жер қалмай аспанда
Түнде шешіп тастаған
Моншақтардың аты не?
Қайсы әріптен басталған?



Тай қазаным күні бойы қайнайды
Ортайып та, сарқылып та қалмайды.



Қолымыз кір болса,
Мұрынға лас қонса,
Кім деп білеміз досты
Кетіретін кір қоқысты?
Апамыз онсыз түк істемейді,
Кір жумайды, ас пісірмейді
Онсыз, төтесін айтайық,
Адам да күн көрмейді.
Аспаннан жауын құйсын,
Масақ дәнге толсын,
Кемелер жүзсін айдында –
Өмір жоқ онсыз, ол ...



Сен бар әлемді жылытасың,
Шаршауды еш білмейсің,
Терезеден күллімдейсің,
Сенсің кәдімгі ... дейтін.



Мұрныннан кеудеге өтеді,
Одан кері кетеді,
Өзі көзге көрінбейді,
Онсыз өмір сүрілмейді.



Өзі көкшіл,
Кейде кекшіл,
Тегі көктен,
Қалың шөптен.



Ақбоз десең ақбоз,
Көкбоз десең көкбоз.



Аяқ-қолсыз өсіпті,
Ашып-жабар есікті.



Көк теңіздің бетінде көпіршіген жүгері.



Гүл гүл жайнап жер аспан
Гүрілдейді сайда өзен
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезең?



Ауызы жоқ ,сыңғырлайды күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ.



Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады.



Тоңғақты таниды,
Беті — қолын қариды.



Таусылмайтын ақ мақта,
Қысы — жазы тау жақта.



Көзге көрінгенмен,
Ұстасақ қолға тимейді.



Өзі судан жаралған,
Бірақ судан қорқады.



Жылт – жылт етеді
Жылғалардан өтеді



Мен сұйықпын да, мұзбын да,
Тамшысымын жаңбырдың.
Оюланған қыраумын,
Жылымын да, салқынмын.
Шөлдесең кеуіп кенегең,
Мейіріңді қандырдым.
Сыйлаймын мен тазалық,
Рақат беріп денеңе,
Айта қойшы бұл не?



Құм сиақты ұсақ болғанымен,
Жер бетін жауып үлгереді.



Мамықтай жұмсақ болады,
Ұстасаң қолың тонады.



Жұлдыздай жарқырайды,
Күндіз бірақ байқалмайды.



Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп.



Сыртылдайды шәйнегін
Ұнатпаса да жұрт мейлі
Терезенің әйнегін
Жуады бірақ сүртпейді.



Шана зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?



Жиын-терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
"Қызыл қырман" ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?



Аяғы жоқ, жүреді,
Сылқ-сылқ күледі.



Жұмбақ бөлімдері мен түрлері