Ұранды, шаттықты,
Өкiнiш, аптықты,
Бiлдiрiп ойын талайдың,
Шарға ине қадаймын.Лептi сөйлем
Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады.Сұраулы сөйлем
Сөздi құрап, доп тiземiн,
Қоя салсаң бiр тары,
Жаңалықты жеткiземiн.Хабарлы сөйлем
Ойды аяқтап қорытады,
Соңында доп тұрады.Сөйлем
Мектептiң алтын орағы,
Зейiндiлер одағы.
Жақсы көрер бар бала,
Зерекке дос ол дағы.Бестік
Жалқаумен бiр жүретiн,
Құдды қармақ iлетiн.
Жоламайды зерекке,
Сабақтарын бiлетiн.Екілік
Шәкiрт кездегi,
Бiлiмнiң безбенi.Баға
Бар бiлiмнiң бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кiтап тiл ашқан?Әліппе
Кең алаң – тақырдан,
Шиырлап қайтады.
Ақ қант қатырған.Бор
Оқуыма төрешi,
Тоқуыма төрешi.
Парақтасам байқалар.
Бiлiмiмнiң өресi,
Онда және жазылған,
Кестем де бар келесi.Күнделік
Әңгiме, аңыз, ертегi,
Нотасы мен әнi бар.
Суретiн де көр тегi,
Қандай журнал бәрi бар?«Балдырған» журналы
Бiлiм менен тәлiм,
Парақты ашқанда
Беттерiнен мәлiм.Күнделік
Елдерi мен қаласы,
Ойпаты мен даласы.
Теп-тегiс тақтай-ды,
Өзенi де ақпайды,
Тоғайы мен тауы бар,
Бұл не, өзiң тауып ал.Карта
Оқу-бiлiм аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесi де бiрнешеу,
Тиегi бар ашпалы.Сөмке
Доп сынды келбетi,
Онда бар түп-түгел,
Әлемнiң әлпетi.Глобус
Бiр санға өсiрдi,
Өзi қалып орнында,
Бiздi алға көшiрдi.Сынып
Бөлiнгендi табыстырып,
Бiрiктiрсе қабыстырып.
Жымдастырған жiгiт де,
Байқамайсың түгiн де.Желім
Денесi бар шыбықтан,
Темiр тұмсық құдықтан,
Сусын алып iшедi,
Ойы iз боп түседi.Қаламсап
Iлулi тұр кең алаң,
Керегiмдi мен одан.
Жазып алам көшiрiп,
Сүртем сосын өшiрiп.Тақта
Үстiнде есiгi,
Өзi орындық, әрi үстел,
Оқушылар бесiгi.Парта
Денесі жүрген сайын аласарып,
Сызады алуан кесте тамаша ғып.
Болғанмен діңі қатты, тілі тәтті,
Балалар жатады оны таласа алып.Қарындаш
Жез күркенің ішінде
Қара құлын кісінер.Қоңырау
Күмiс алмұрт тiлi бар,
Сыңғырлаған үнi бар.
Шақыратын бiлiмге,
Сағаты бар, күнi бар.Қоңырау
Бар ойынды жиямын,
Ақ қағазға құямын.Сия
Тiл жоқ өзiнде,
Сөзi бар iзiнде.Қаламсап
Ойларынды аңсаған,
Асыл сөздi ақ алаңға,
Түсiруден шаршаған,
Мен емеспiн әмәнда.Қалам
Қысқа таяқ дiңi бар,
Шиырлаған iзiнде
Сайрап тұрар тiлi бар.Қарындаш
Қабы сояу,
Дiнi – бояу.Қарындаш
Кiшкене құдықтан,
Найза ұшты шыбығым,
Су iшiп құныққан.Сиясауыт
Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазыпДәптер
Бiлiмнiң дәнiн тередi,
Балаға тәлiм бередi.Ұстаз
Шәкiртке жанашыр,
Мейiрман кiм, жаны асыл?Ұстаз
Шұқшитқан кеп әуелі,
Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі,
Бұл қай кітап?Әліппе
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.Бор
Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.Қарындаш
Бiлiмнiң жол басшысы,
Шәкiрттiң қолбасшысы.Мұғалім
Бiлiмнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.Мектеп
Тазалап ақ қағаз жүзін,
Жоқ етер қарындаш ізін.Өшіргіш
Жақсыменен тең көрген,
Ата-ана да жөн көрген.
Орындықпын төңкерген.Төрттік
Жалғас жатқан қос шеңбер,
Бүйірінде қақпасы.
Көрсең де оны дос сендер,
Жақсы, жаман ортасы.Үштік
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі