Бұл бөлімде оқу құралдары туралы жұмбақтар жинақталған. Мектепке қатысты заттарды ойын түрінде тануға көмектесетін қызықты сұрақтар берілген. Мұндай жұмбақтар балалардың білімге қызығушылығын арттырады. Жауаптары бірге көрсетілген.
Басында аздың ақылы,
Селқостардың жақыны.Бірлік
Шәкірт кездегі,
Білімнің безбені.Баға
Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кітап тіл ашқан?
Әліппе
Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.Кітап
Сансыз ойлар бетінде,
Сайрап жатыр бар тілде.
Қажетпін мен әр күнде,
Өшпейді бір әрпім де.Қағаз
Төрт қырлы, өзі аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ.Бор
Оқуыма төреші,
Тоқуыма төреші,
Парақтасам байқалар,
Білімімнің өресі,
Онда және жазылған,
Кестем де бар келесі.Күнделік
Үстінде есігі,
Өзі орындық, әрі үстел,
Оқушылар бесігі.Парта
Былғанышты жақтырмайды,
Ол бар жерде дақ тұрмайды.
Бірақ тағы өз үстінен,
Таза бір жер таптырмайды.Сорғыш
Оқушыға күнде еріп.
Жүретін не?
Күнделік
Білім менен тәлім,
Парақты ашқанда
Беттерінен мәлім.Күнделік
Көкқұтанша ақ айдында,
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады.Циркуль
Оқу-білім аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесі де бірнешеу,
Тиегі бар ашпалы.Сөмке
Бір санға өсірді,
Өзі қалып орнында,
Бізді алға көшірді.Сынып
Қаласы бар, елі жоқ,
Даласы бар, шөбі жоқ.
Мұхиты бар, суы жоқ,
Орманы бар, нуы жоқ.
Шыңдары да теп-тегіс,
Құмдары да теп-тегіс,
Кең жазықтан әр түсті,
Шығыс пенен батысты —
Бар Әлемді табасың,
Өзің таң боп қаласың!Географиялық карта
Елдері мен қаласы,
Ойпаты мен даласы.
Теп-тегіс тақтай-ды,
Өзені де ақпайды,
Тоғайы мен тауы бар,
Бұл не, өзің тауып ал.Карта
Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі.Сызғыш
Бөлінгенді табыстырып,
Біріктірсе қабыстырып.
Жымдастырған жігін де,
Байқамайсың түгін де.Желім
Денесі бар шыбықтан,
Темір тұмсық құдықтан,
Сусын алып ішеді,
Ойы із боп түседі.Қаламсап
Күміс алмұрт тілі бар,
Сыңғырлаған үні бар.
Шақыратын білімге,
Сағаты бар, күні бар.Қоңырау
Оқу құралдары туралы жұмбақтар бөлімінде қазақша жұмбақтар жауабымен жинақталған. Бұл беттен балаларға, оқушыларға және ересектерге арналған қызықты, логикалық және танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жұмбақтар ойлау қабілетін дамытып, тапқырлықты арттыруға көмектеседі.
Оқу құралдары туралы жұмбақтар – ойлауды дамытуға арналған қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға және ересектерге де арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі