Күйін кешпе азғынның
Күйін кешпе азғынның,
Бек қызындың, сәл мұзда?!
Жыладың деп жазғырдың,
Жазатайым Жалғызға....
Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Иран-Ғайып ілмегіндегі өлеңдердің 3-беті.
Күйін кешпе азғынның,
Бек қызындың, сәл мұзда?!
Жыладың деп жазғырдың,
Жазатайым Жалғызға....
Көрсетпегің көп білем:
Тиып қанды жасымды –
Жер қапқан ит-тепкіден,
Көтерейін басымды?!...
Хан-тірлік зар еңіретті
Қайманасын, қарасын –
Жоқтауменен өмірі өтті
Жазатайым баласын....
Бұзықтық жоқ пейілімде,
Оң де, мейлің, теріс де:
Ақ Шайтан – бір иінімде,
Бір иінімде – Періште....
Оза шапқан қатардан
Көк аттылы көлденең –
Кете тудым атаңнан,
Өте тудың сен менен....
Жаным жалған жақсымен
Іздеп шыр-пыр үйлесім.
Жүрек дерті тапсын ем,
Зәһәріңді құй, досым?!...
Иірілген ұршықтай,
Шүйкеден бас тіленіп –
Жаным неге тұр шықпай,
Иегіме тіреліп?!...
Қысыр-қиял уызына қашпаған
Жерік болдым –
Таза ден,
Пәк ділменен:...
Отызда орда бұзбадым,
Қыр асқаным жоқ қырықта –
Өртенген жазда мұздадым,
Бақадай шулап құдықта....
Таусылуға таяндым,
Ақтық бөздей жыртылған –
Өзімді өзім аяймын,
Ойша бағып сыртымнан....
Ұқсап бақты демеңдер –
Заман зәрін ішкенге.
Уайымын жемендер –
Дертім кебін пішкенге....
Тап қылған тағдырға кінә артпан,
Тауандап –
Бақ қудым,
Сор кездім:...
Тәкәппарсып, асқақтап,
Қайтіп, байғұс, бас бақпақ –
Талқыдағы тағдырдың
Тәлкегінен қашқақтап....
Шер-шеменім зорайып,
Көңілім көрдей қарайып –
Сергелдеңде сор кештім,
Соқа басым сорайып....
Жылама сен, жылама,
Көзіңнің жасын бұлама?!
Желөкпе Ақын, жебір жыр –
Жылауыңа тұра ма?!...
Тауқыметті тардың кеңісің,
Тақсіретті жардың теңісің.
Кеңнен – кем, теңнің талағы –
Мен жоқпын енді – сен үшін....
Тергеп, естен таңдырасың,
Тағдырымның тауаны.
Көзден аққан қанды жасым –
Өмірімнің жауабы....
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі