Еңбек бақытыҒали Орманов
Қаласаң мейлі қандай үй
Қиюлап тас пен шыныдан.
Қашан да маған сол ылғи
Секілді өлең, сұлу əн.
Қаласаң мейлі қандай үй
Қиюлап тас пен шыныдан.
Қашан да маған сол ылғи
Секілді өлең, сұлу əн.
Қашан да қызық көрінер
Көгілдір қиыр көз тартып;
Көңілің соған телмірер,
Білуге сонша құмартып.
Жанымда Жарас, Жəмилə
Жайластым зəулім үйге мен.
Жандарын əсем жаңа ұя
Секілді қатты билеген.
Ашпады дейсің кімге есік
Горькийдің Университеті.
Шықпады дейсің кім өсіп,
Мысалы, Сəкен іспетті.
Көрсем де қашан келіп бұл сағатты,
Толқимын өз-өзімнен сонша қатты,
Қам көңіл күндеріміз түседі еске
Қозғаған мұңы бірге адамзатты.
Көк шалғын көл секілді көлбеп жатқан,
Екі адам белден жүзіп пішен шапқан.
Тым-тырыс тамылжыған тыныштықта
Шалғы үні сыңғырайды орай тартқан.
Күркеде саялаған Ленин барып
Аңқиды пішен иісі мұрын жарып.
Тоғайдың тұнжыраған түндерінде
Сөнбейді күркедегі нұрлы жарық.
Құрғанда партияны Ленин дана,
Дүниеге күш əкепті ол бір жаңа.
Есесін еңбекшінің жоқтайды деп
Жүктепті бар үмітін соған ғана.
Апрель тағы бөледі
Өңірді гүл мен майсаға.
Ағаштар бүрлеп көгерді,
Жасарып жапан, сай-сала.
Өтсе жаңбыр себелеп
Әр тамшысы маржандай,
Кемпірқосақ керемет,
Көздің жауын алғандай.
Аяғымды оң салып,
Есігін аштым күйменің.
Кішірейгенім соншалық –
Көзінен өттім түйменің.
Сен келгенге молайып
Дүние тасып төгілмес.
Сен жоқ болсаң, азайып
Жəне түгі кемімес.
Түрткілеп, тербеп жанымды
Таптырма ойым түк маза.
Бұлақша қайнап кəдімгі
Төгілсін жырым тап-таза.
Ермек емес мен үшін өлең деген,
Жаны бірге жаралған денемменен.
Жұрт көңліне жылуын жеткізе алсам,
Өзімді де тек сонда терең көрем.
Ағаш басын сіліксе күздің желі,
Жапырақтар саудырап үзіледі.
Сол ағашқа мені де ұқсатып тұр
Ақ шашым мен əжімдер жүзімдегі.
Анталап келеді ойлар жан-жағымнан:
«Мені жаз, мені жазшы!» – деп жалынған.
Арқаға бірін қағып еркелетсем,
Сүйемін бірін сыйпап маңдайынан.
Шығады терең шыңыраудан
Шаншылып күміс шыбықтар.
Секілді бүркіп күн жауған
Лебіне жаның тым іңкəр.
Көз тігесің үңіліп
Мөлдіреген көлдерге.
Көлдер көзі тұр күліп
Қимасыңдай көргенде.
Сымбатыңды көрем де
Сүйсінемін, астанам.
Күнде толы өлеңге
Көкірегіңді аш маған.
Апрель айы – жаз алды
Жасарар көктеп табиғат.
Жырындай жердің заманғы
Жаныңа жылы тым қымбат.
Аспанда жалғыз бозарған
Қарадық айға қанша біз.
Болса да білу оны арман,
Арамыз жатты сонша алыс.
Қарайсың күліп көзіме,
Не əкелдің екен Жыл маған?
Жылдарым келген кезінде
Төгіле талай жырлағам.
Қартайдым деген əңгіме
Көрінер, бəлкім, құр желеу.
Жайымды бірақ əркімге
Танытар мынау ақ селеу.
Мейлі олар ете берсін мені мазақ,
Біріне бүлк етпейтін мен бір қазақ.
Жүрекке жүк қып соны жыя берсең,
Жуырда арылмайтын ол бір азап.
Өлеңім үйлессін деп əнге менің
Сөзімді құбылдырып əрлемедім.
Жұрт ойын тербетсін деп жаздым оны,
Сол ма екен ағаттығым əлде менің?
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі