Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз.
Қонбады оның нешеуі,
Қане, кім тез шешеді?Санаты: Математикалық жұмбақтар
Буыршын мен атан бар,
Тайлағым мен ботам бар.
Үш інгенге иемін:
Санын айтшы түйенің?Санаты: Математикалық жұмбақтар
Алдында үш балапан,
Артында үш балапан.
Ақ тауық пен балапан
Айтшы санын, балақан.Санаты: Математикалық жұмбақтар
Жетпісті қуып жетем десең,
Мөлшерлеудің жөні бұл.
Жетіні қанша еселесең,
Жетесің?
Соны біл!Санаты: Математикалық жұмбақтар
Алпыс ала қарға,
Қырық қара қарға,
Таласты жемге
Жатқан ақ қарда.
Ала қарғалар ала қашады.
Қара қарғалар алдын тосады.
Қайта айналып жерге қонады.
Барлығын қоссаң, қанша болады?Санаты: Математикалық жұмбақтар
Ала шапан киініп,
Қарбыз жатыр үйіліп.
Қарбыздарды шетінен
Санап шықтым екіден.
Бесеу болды жүп саны,
Нешеу болды түп саны?Санаты: Математикалық жұмбақтар
Онжан тапқан
Он жаңғақтан
Екіден-ақ
Еппен санап,
Балжан алды,
Әлжан алды,
Қалжан алды,
Қанша қалды?Санаты: Математикалық жұмбақтар
Миллионда неше нөл бар?Санаты: Математикалық жұмбақтар
Ең үлкен 2 таңбалы сан?Санаты: Математикалық жұмбақтар
1 жылдың неше айында 30 күн бар?Санаты: Математикалық жұмбақтар
4 қойдың неше аяғы бар?Санаты: Математикалық жұмбақтар
Бір-бірімен жарысқан - 4 аю, 1 арыстан, 2 қой мен 1 түлкі.
Бәрі нешеу кім білді?Санаты: Математикалық жұмбақтар
Портфелімде әуелі, 13 жаңғақ бар еді,
Науат пен Сағатқа, Самат пен Маратқа, Апасына Қанаттың,
Екі-екіден тараттым.
Қанша жаңғақ қалғанын, айта қойшы шешімін?Санаты: Математикалық жұмбақтар
11 түйе, 5 жылқы, 2 сиыр, 2 ешкі, 2 қоян, 3 түлкі, таба алмасаң, бол күлкі.
Барлығы қанша болды?Санаты: Математикалық жұмбақтар
Биік терек алда тұр
Басында көп алма тұр
Бұтақ сайын 5 алма
5 бұтақта неше алма
Қане ойлап бағайық
Шешімін тез табайық.Санаты: Математикалық жұмбақтар
2 бала көзін басты
5 бала тұра қашты
Үшеуі сайға тығылды
2-уі ойға тығылды
Қанша бала тығылмақ
Ойнайды екен, жылдам тап?Санаты: Математикалық жұмбақтар
Аулада 5 үйрек, қорада 3 үйрек.
1 үйрек тығылды,
1 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?Санаты: Математикалық жұмбақтар
Мұрат мектепке жаяу барады. Жолдың төрттен біріне келгенінде мешіттің жанынан, үште біріне келгенінде балабақшаның жанынан өтеді. Мешіттің жанына келгенде сағат 7.30, ал балабақшаға келгенде 7.35 болады. Әли үйден сағат нешеде шығады және мектепке нешеде барады?
Санаты: Математикалық жұмбақтар
Дастархандағы ыдыста бірнеше алма бар еді. Анасы мұның үстіне бірнеше алма қосып 2 есеге көбейтіп қойды. Үйге кірген үлкен баласы 8 алма алып кетті. Алманың азайғанын көрген анасы тағы 2 есеге көбейтіп алма қосып қойды. Даладан келген екінші баласы да 8 алма алып кетеді. Дастархандағы алманың азайғанын көрген анасы тағы 2 есеге көбейтіп қояды. Үшінші баласы келіп, 8 алма алып кетеді. Нәтижеде дастарханда ешқандай алма қалмайды. Ең бастапқыда дастарханда қанша алма бар еді?Санаты: Математикалық жұмбақтар
Қыр басындағы үйіне 9 минутта барып келетін велосипедтегі адам төбеге көтерілу үшін, төменге түсетін уақытынан бес есе артық уақыт жұмсайды. Бұл адам төбеге қарай қанша минут жол жүреді?Санаты: Математикалық жұмбақтар
![]()
Сөредегі кітаптар
Үш дос сөреде тұрған кітаптар санын болжамдап айтады: 43, 34, 41. Барлығы қате айтады. Біреуі 6 санға, біреуі, 3 санға, ал біреуі 1 санға жаңылысады. Сөреде қанша кітап тұрғанын таба аласыз ба?Санаты: Математикалық жұмбақтар
2017 жылы жасы жыл сандарының қосындысына тең болған адам қай жылы туылған?Санаты: Математикалық жұмбақтар
![]()
Жауабын тауып көріңіздер?Санаты: Математикалық жұмбақтар
Екі бүтін сан табыңыз олардың көбейтіндісі бірлік сан, ал қосындысы ондық сан болсын.Санаты: Математикалық жұмбақтар
Өзеннің бір жағасында 10 метр, арғы жағасында 15 метр биіктікте екі ағаш тұр. Екі ағаштың төбесінде бір-бір құстан қонып тұр. Өзеннің ені 25 метр. Екі құс бір уақытта өзенде жүзіп жүрген бір балықты көріп, тез ұшып балыққа бірдей уақытта жетіп барады. Құстардың жылдамдығы тең болуына қарағанда, балық ұзын ағаштың түбінен қанша метр қашықтықта жүзіп жүр?Санаты: Математикалық жұмбақтар
Атамыздың туылған жылын сұраған едік. Туылған жылын 131-ге бөлсе 112, 132-ге бөлсе 98 шығады деді, атамыз қай жылы туылды?Санаты: Математикалық жұмбақтар
Төмендегі теңдеудің сол жағындағы 6-лардың арасына +, -, х, :, (қосу, алу, көбейту, бөлу) таңбаларын қойып, қажет болса жақша қолданып оң жағындағы нәтижені шығара аласыз ба?
6 6 6 6 = 5
6 6 6 6 = 6
6 6 6 6 = 8
6 6 6 6 = 24
6 6 6 6 = 30
6 6 6 6 = 48
6 6 6 6 = 66
6 6 6 6 = 180
Санаты: Математикалық жұмбақтар
3 адам ортадан ақша шығарып 30 теңгеге нан алдырмақшы болыпты. Әр қайсысы 10 теңгеден шығарып, кішкентай баланы нанға жұмсап жібереді. Бала нанды 25 теңгеге сатып алады. Наннан артылған 5 теңгенің 2 теңгесін өзіне алып, қалған 3 теңгені үш адамға бір-бір теңгеден бөліп береді. Бұл кісілер басында 10 теңгеден берген еді. 1 теңгені қайтарып алғанда 9 теңге берген болады. 3 адам 9 теңгеден бергенде үшеуінің қосындысы 27 теңге болады. Баладағы 2 теңгені де қосқанда 29 теңге болады. Сонда бір теңге қайда кетті?Санаты: Математикалық жұмбақтар
1) Бір сан ойлаңыз!
2) Бұл санды 4-ке көбейтіңіз!
3) Оған 18-ді қосыңыз!
4) Шыққан санды 2-ге бөліңіз!
5) Нәтижеден 7-ні алыңыз!
6) 3-ке көбейтіңіз!
7) 6-ға бөліңіз!
8) Баста ойлаған санды алып тастаңыз!Санаты: Математикалық жұмбақтар
Төмендегі есепте әрбір әріп 1ден 9 ға дейінгі санды білдіреді. Әріптерде жасырынған сандарды таба аласыз ба?
A B C + D E F - G H I = 1 0 0Санаты: Математикалық жұмбақтар
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі