Жануарлар мен құстар туралы жұмбақтар – 10-бет

Бұл бөлімде жануарлар мен құстар туралы жұмбақтар жинақталған. Балалар табиғат әлемін қызықты түрде танып біле алады. Сұрақтар есте сақтауға жеңіл және танымдық жағынан пайдалы. Әр жұмбақтың жауабы бірге берілген.

Бұл 10-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.

Ең көп қаралған жұмбақтар

Соңғы жұмбақтар


Түйеде жоқ, ешкіде бар,
Доңызда жоқ, қоңызда бар.

Мүйіз


Түрлі-түрлі түр кілем,
Түр аласы бір кілем.

Малдың шуы


Он екі түйе, он жылқы, тоғыз сиыр,
Бес ешкі, бір жарым қоян.

Малдың бала көтеретін уақыты



Жол, жол, жол жатыр,
Жол айнала қол жатыр.
Тамақ қолдың ішінде,
Айдаһар жегір хан жатыр.

Малдың өті


Айтайын айт дегенде, ая батыр,
Болғанда асты гауһар, үсті шатыр.
Қазандай қара тастың дәл түбінде,
Бір түрлі адам таппас зәһәр жатыр.

Малдың өті


Бір шал бар ауылымызда барпылдаған,
Басында екі найза жарқылдаған.
Іш майын құмырадан аңқытып ап,
Кімді көрсе, артынан жалпылдаған.
Өзі кәрі болғанменен сылқым сері,
Ақ сокна белбеуі салпылдаған.

Теке


Сақалы бар,
Санасы жоқ.

Ешкі


Асты пышақ, үсті істік,
Өзіне лайықтап киім пішкен,
Секіріп-секіріп түскен.

Ешкі


Қайырып басын тастаған,
Қайқайып қойды бастаған.

Ешкі


Төрт аяқ ортасында бүгілі бар,
Сөйлейтін өз алдында пиғылы бар.
Халінше сайманы ғой керек заты,
Көтерген екі дана құрығы бар.
Беретін жақынына жаны ашып,
Ашытқан бір аяқтай қымызы бар.

Ешкі, төрт аяғы, екі мүйізі, сүті


Ашылмаған сандықта,
Пішілмеген құндыз бар.

Қозы


Ерте кетіп, кеш келе,
Тері тонды жануар.
Моншақ төгіп кетеді,
Жылтыраған суы бар.

Қойдың құмалағы


Ауылдан ерте тұрып, кетер сыртқа,
Көп жанға жалғыз нәрсе болды тұтқа,
Сол жерден аз жұмысын бітіріп ап,
Қайтады қуанышпен бір уақытта.

Жайылған қой, қозы


Шапаным да, тоным да,
Арқаның жүр жонында.
Атам соның соңында,
Таяғы бар қолында.

Қой, қойшы


Азанда кетер ләйлекен,
Кеште келер ләйлекен.
Түрлі-түрлі жібектен,
Түймесі бар ілгектен.

Қой, ешкі


Баурындағы бұлағын ел ішеді.
Шабылады жотасынан пішені.

Саулық қой


Екен, екен, екен жұмбақ,
Екі етегін түрген жұмбақ.
Қазалыға барған жұмбақ,
Қақтың суын ішкен жұмбақ.

Қой


Төрт тағанды бойы бар,
Момындық дұрыс ойы бар.
Кербезденіп жүрмейді,
Айналдырған тоны бар.

Қой


Арқасы бар, аунамайды,
Аузы бар, күйсемейді.

Сиыр мен ат


Түйір-түйір төртеу,
Түймеменен бесеу.
Жалғыз тайы жалғыз,
Темір қазық екеу.

Сиырдың төрт емшегі, кіндігі, құйрығы, екі мүйізі


Жануарлар мен құстар туралы жұмбақтар туралы

Бұл бөлімде Жануарлар мен құстар туралы жұмбақтар бойынша жұмбақтар жинақталған. Жұмбақтарды жауабымен бірге оқу ойлау қабілетін, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектеседі.

Жиі қойылатын сұрақтар

Жануарлар мен құстар туралы жұмбақтар деген не?

Жануарлар мен құстар туралы жұмбақтар – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.

Жануарлар мен құстар туралы жұмбақтар кімдерге арналған?

Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.

Жұмбақтарды жауабымен қайдан оқуға болады?

Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.

Жұмбақ бөлімдері мен түрлері

Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.