Жануарлар мен құстар туралы жұмбақтар – 15-бет


Қаймықпайды күштi аңнан,
Қорқады тек тышқаннан.



Тiк жардай түстi,
Шұбатылған
Тұмсығы күштi.
Таситын жүктi,
Бұл қандай мықты?



Мойыны тұтасқан,
Аузы апан.
Жоны жалпақ,
Бұты талтақ.



Түлкi ұқсас тұрқы,
Бiр тоймайтын құлқы,
Андитыны тастан,
Құс пен тышқан.



Айбарлы сұсы бар,
Қанжардай тiсi бар.
Тұла бойында
Тасыған күшi бар,
Күжiрейген жалды,
Бiлсең айт бұл аңды?



Жез бейнелi өзi,
Кең дала еркесi,
Мөп-мөлдiр көзi.



Жақпар тастың өркешiне,
Секiредi құламай.
Қия құздың өр төсiне,
Орғып шығар ол оңай.



Тұрқы, түрi
Жылқы тектес жалы бар,
Шөп жеп түрлi,
Түзде өскен жануар.



Есек емес,
Жылқы емес.
Екеуiнiң ұқсастығы
Бередi тұрқы елес.



Мүйiзiнен таралған,
Жанға шипа дәрi алған.



Жапырақ жоқ бұтасында,
Қос емен өсiп тұр бiр басында.



Басына өскен тарбиып,
Жапырақсыз бұтағы.
Алады одан қан құйып.
Емге шипа бұл дағы.



Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады.



Секіреді –
Бала емес.
Сақалы бар –
Шал емес.



Жұмыр тасты төрт аяқ
Көтеріп тұр, көп таяп.



Тастай қатты бұл шапан,
Қалай жуып жұмсартам?



Басында көп-ақ бұтағы,
Адамды көрсе зытады



Таусылама, қарандар,
Табиғаттын қызығы?
Суық жақтағы жануар –
Бұтақ-бұтақ мүйізі.



Ай астында ақ мамық
Жатыр суды жастанып.



Бір топ жынғыл ішінде,
Бір жапырақ қызыл гүл.



Орманда жоғары
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балға етіп,
Тарсылдатып соғады.



Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбаты жан шыдамас үндері бар.
Шаршы бой, сұлу құйрық, қысқа құлақ,
Кететін зиян қылып бір жері бар.



Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат.
Бейғам елде іздейді,
Малдан күдер үзбейді.



Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,
Өзіне міндетпесе, қызмет қылмақ.



Қара арғымақ мінгенім,
Қыр айнала жүргенім.
Сегіз найза сенгенім,
Он екі қылыш ілгенім.



Жер бетінде жатқан арқан,
Ұстауға оны бәрі де қорққан.



Білесін мекен даласын,
Бірден тауып аласың,
Салыр алып дорбаға,
Жүреді ылғи баласын.



Күндіз соқыр не деген?
Түнде қалай көреген?



Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен,ұстайды.



Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.



Апан-апан,
Ескі шапан.
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз.



Биікте ұшып жүреді,
Елік, қоян бүреді.
Қия таста ұясы,
Бұл құсты кім біледі?



Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.


Жұмбақ бөлімдері мен түрлері