Метаграммалар, сөз жұмбақтары, әріптік тапсырмалар – 2-бет

Бұл бөлімде Метаграммалар, сөз жұмбақтары, әріптік тапсырмалар бойынша қазақша жұмбақтар жинақталған. Қызықты және танымдық сұрақтар берілген. Әр жұмбақтың жауабы бірге көрсетілген. Мұндай тапсырмалар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.

Бұл 2-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.

Ең көп қаралған жұмбақтар

Соңғы жұмбақтар


Сұйықпын да тазамын,
Басамын жер тозаңын.
«С» орнына «Б» қойсаң,
Бозғылт боп тозамын.

Су - Бу


Желбіретіп үкімді,
Сулы жерде жайқалам.
«Қ» орнына «Т» қойсаң,
Қоныстанып жай табам.

Құрақ - Тұрақ


Тәтті дәм үш әріп алғашқы,
Соңына қос әріп жалғасты,
Сен одан өзіңе табасың
Дауылдан қорғанар панасын.
Екеуі біріксе егерде,
Суда өсіп, жүзеді тереңде.

Бал - Ық - Балық


Құт дарыған қотанның,
Қаруымын шопанның.
«Т»-ны сызып тастасаң,
Мүшесімін адамның.

Таяқ - Аяқ


Бойында өссем тоғанның,
Кіргізем дәмін тағамның.
Соңыма қоссаң бір әріп,
Үндемей жүрер адаммын.

Жуа - Жуас


Жасыл желек алабым,
Жыл маусымы боламын.
Алғы әріпті өшірсең,
Ең әдепті боласың.

Сүлгі - Үлгі


Ақ бояуға қанықпын,
Бағалымын, мамықпын.
Бас әріпім алмасса,
Төрт бұрышты жазықпын.

Мақта - Тақта


«Ж» әрпімен бастасаң,
Көрінеді бар маңым.
«Ж»-ны сызып тастасаң,
Су ағатын арнамын.

Жарық - Арық


Жатам құстар тобына,
Азығымын адамның.
«Ы»-ны қоссаң соңыма,
Жылқы етімін – тағаммын.

Қаз - Қазы


Қатты соғып жүрегім,
Қорқып, үркіп жүремін,
«Қ» орнына «Н» қойсаң,
Күшке толар білегім.

Қоян - Ноян


Шеге қағар шеберге,
Ең қажетті құралмын.
«Б»-ны өшірсең егер де,
Жігер берер ұранмын.

Балға - Алға


«Қ» орнына «Д» қойсаң,
Боламын кеңістік.

Қала - Дала


«Қ» әрпінен бастасаң,
Көмірге ұқсас түрім бар.
«Қ»-ны сызып тастасаң,
Жасаймын шөп гүлін бал.

Қара - Ара


Сән берем, әркімге, көңілге,
Ұқсаймын көктемгі өңірге.
Әріпті бастапқы сызса егер.
Жөн сілтер ұстазбын өмірге.

Мата - Ата


Қақ тіліп жотаны,
Қасқайып жатады.
«Ж» орнын «Қ» басса,
Адамнан табады.

Жол - Қол


Бір адам шаттанса,
Мен оған бауырмын.
«Б»-ны «У»-ға ауыстырса
Өлшеммін, дәуірмін.

Бақыт - Уақыт


Кезерді ерінің,
Шөбі болмас жерінің.
«Ш» орнына «К» тұрса.
Өсімдіктің нәрімін.

Шөл - Көл


Шалқимын арнамда – бесікте,
Ал бірақ тұрмаймын тесікте.
Алғашқы дыбысым өзгерсе,
Көкте ұшып жүремін, көшіп те.

Су - Бу


Ұқсайтұғын жылқыға,
Қамыс құлақ көлікпін.
«К» орнына «П» қойсаң,
Ойлантуға берікпін.

Есек - Есеп


Майысқақпын, нәзікпін,
Садақ болып иілем.
Соңғы әріп «Н» болса,
Қалдығына азықтың,
Қоқыстарға үйілем.

Шыбық - Шыбын

Метаграммалар, сөз жұмбақтары, әріптік тапсырмалар туралы

Бұл бөлімде Метаграммалар, сөз жұмбақтары, әріптік тапсырмалар бойынша жұмбақтар жинақталған. Жұмбақтарды жауабымен бірге оқу ойлау қабілетін, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектеседі.

Жиі қойылатын сұрақтар

Метаграммалар, сөз жұмбақтары, әріптік тапсырмалар деген не?

Метаграммалар, сөз жұмбақтары, әріптік тапсырмалар – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.

Метаграммалар, сөз жұмбақтары, әріптік тапсырмалар кімдерге арналған?

Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.

Жұмбақтарды жауабымен қайдан оқуға болады?

Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.

Жұмбақ бөлімдері мен түрлері

Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.