Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Кейде өмір екі адамды бір-біріне қаншалықты қымбат екенін ұғындыру үшін ажыратады.

Ілмектер: өмір, қымбат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пауло Коэльо

Жай ғана алға қадам бас, жолдар өздері-ақ ашылып шыға келеді.

Ілмектер: қадам, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Стив Джобс

Ақымақтарға алғыс айтайық. Олар болмағанда, басқаларға жетістікке жету қиын болар еді.

Ілмектер: ақымақ, жетістік, алғыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Твен

Бәрі суретті түсінуге тырысады. Неге олар құстардың шиқылын ұғуға тырыспайды?!

Ілмектер: сурет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пабло Пикассо

Ынтасыздың күні қараң.

Ілмектер: ынта, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Қожа Ахмет Йассауи

Егер нәтиже қажет болса — оған өзіңіз талпынып, қол жеткізіңіз. Өз өміріңізге жауапкершілікті алу — діттеген мақсатқа қол жеткізу үшін бәріне де дайын болу дегенді білдіреді.

Ілмектер: жауапкершілік, мақсат, нәтиже Стив Павлина

Жақсыға бітсе дәулет бақ айналар,
Жаманға бітсе дәулет әуе айналар.
Басына ер жігіттің іс түскенде,
Арасы қас пе достың абайланар.

Ілмектер: жақсы, дәулет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қас, дос Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Жақсы да келер бұл көпке, жаман да келер бұл көпке.

Ілмектер: жақсы, жаман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Пейілі кең — кемімес, пейілі тар — кеңімес.

Ілмектер: пейіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Мақсат міндетті түрде діттеген жеріне жетуі керек емес, ол келесі қадамыңызға деген бастапқы бағыт болуы мүмкін.

Ілмектер: мақсат, қадам, бағыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Брюс Ли

Досыңыздың кім екенін айтсаңыз, сіздің кім екеніңізді айтып беремін.

Ілмектер: дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги

Жақсы мінез - жылы жүз, жылы сөз, жақсылық жасау және жамандық жасамаудан тұрады.

Ілмектер: Жақсы мінез, мінез, Жақсылық, сөз Хасан Басри

Ашу үстінде өзіне аманат етілген сырды айтып қойған адам төмен дәрежедегі адам болып саналады.

Ілмектер: ашу, сыр, аманат Рабия Адуия

Кей адамдар Ғаламторда алтын боп көрінгенмен, өмірде тіпті бағалауға келмейтін бижутерия тектес.

Ілмектер: адамдар Аяджан Майя

Жалқауға – сөз, жаманға – таяқ өтпес.

Ілмектер: жалқау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, таяқ Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Жоғары қарап оқ атпа – жақын түсер қасыңа.

Ілмектер: оқ, жоғары, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Алла деген зар болмас, ақтың жолы тар болмас.

Ілмектер: Алла, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Жақсы күрескер байбалам салмайды, дайындалады. Ол ойламайды да, армандамайды да, кез келген жағдайға дайын болады.

Ілмектер: күрес, арман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Брюс Ли

Жұмысы жоқ адам азғындыққа бір табан жақын болады.

Ілмектер: жұмыс, азғындық, нақыл, афоризм Дейл Карнеги

Өз мүмкіндігіңді ескеріп, оны үнемі дамытуға тырысу керек.

Ілмектер: мүмкіндік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, даму Тим Кук