Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Өлеңдер (1) Ұлағатты сөздер (27) Әзіл, анекдоттар (1)

"жағдай" туралы Ұлағатты сөздер

"жағдай" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "жағдай" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Жағдайды өзгерте алмасақ, бізден өзімізді өзгерту талап етіледі.

Нақыл сөз (ағылшынша): “When we are no longer able to change a situation, we are challenged to change ourselves.”
Қайдан алынған: Man’s Search for Meaning (1946)
Нақты дереккөз: Viktor Frankl Institute — Quotation Archive

Ілмектер: психология, өмір мәні, жауапкершілік, Рух, жағдай, өзгеріс, өзгеру Виктор Франкл
WhatsApp Telegram

Теріс эмоциялар мен деструктивті реакциялар белгілі бір психотравмаға (өткен шақтағы оқиға немесе жағдайға) тікелей байланысты пайда болмайды.
Ең жойқын теріс эмоциялар мен деструктивті реакциялар — сол травманы бүгінгі күнге дейін қалай қабылдап келе жатқанымызға, және ол туралы не ойлайтынымызға байланысты туындайды.

Сондықтан біз бастан өткерген қиындықтар мен кедергілер жайлы көзқарасымызды қайта қарап, өңдеп, өзгертуіміз қажет.
Бұл үшін ішкі жан дүниеміз бен сыртқы ортаны кінәламай, шынайы қабылдауымызды, сондай-ақ рационалды, продуктивті және реалистік түрде ойлануымызды сонымен қатар конструктивті дамуды үйренуіміз керек. Бұл тек теория ғана емес — нақты дағдылар мен тәжірибе арқылы қалыптасатын қабілет.

Бұл үшін мынадай қадамдарды орындаңыз:

1. Ойларыңызды сырттай бақылаңыз және барынша шынайы бағалауға тырысыңыз.
Бұл — өзін танудың және ішкі тепе-теңдікті қалпына келтірудің алғашқы қадамы. Сіздің ішкі тыныштығыңыз — өз ойларыңызды дұрыс тани білуден басталады. Бірақ бір нәрсені түсіну қажет: ойларыңыз сіздің шынайы болмысыңыз емес, тек санаңыздың уақытша көрінісі (ой дегеніміз ішкі сөздер мен бейнелер). Кейбір ойлар — ескі жаралардың жаңғырығы болса, кейбірі — қорқыныш пен күмәннің көлеңкесі ғана. Сол себепті, әр ойыңызға (сыртқы психологиялық шабуыл кезінде) бейтарап көзқараспен қарап үйреніңіз.

Өзіңізден сұрап үйреніңіз:
– Бұл ой қаншалықты шынайы?
– Мен оны қандай дәлелге сүйеніп қабылдадым?
– Бұл ой маған көмектесіп жатыр ма, әлде керісінше шектеп жатыр ма?

2. Барлық жүрегіңізді мазалап жүрген сұрақтардың бәрін миыңызға қоя беріңіз — бұл сіздің ішкі әлеміңізге апаратын жол. Ойларыңызды ақиқат сүзгісінен өткізуге, сенімдеріңізді қайта қарауға, ішкі кедергілерді тануыңызға көмектеседі. Өзіңізге сұрақ қойғанда, асықпаңыз. Әрбір сұрақ-жауап — өзіңізбен шынайы әрі терең сұхбат болсын.

Мысалы:
"Неге мен бұлай ойлаймын? Неге басқаша емес?"
"Бұл ой маған не береді? Қуаныш па әлде қайғы ма?"
"Бұл ойларым шындыққа сәйкес келе ме, әлде тек менің ішкі үрейім бе?"
"Мені тоқтатып тұрған не / кім?"
"Мен кімге / неге сенуім керек?"

Осыған тектес сұрақтар сіздің санаңызды сергітеді, көзқарасыңызды кеңейтеді, ал шынайы жауаптар — ішкі тыныштық пен дамудың бастауы бола алады. Сұрақ — бұл ізденіс. Ал ізденіс — бұл өсудің алғышарты. Өзіңізге адал болыңыз, жауап табу ғана емес, түсінуге тырысыңыз. Тек сұрақ қою арқылы адам шын мәнінде өзін қайта танып, қайта қалыптастыра алады.

3. Автоматты, аяқ астынан пайда болатын негативті ойларды бақылаңыз. «Автопилотты» өшіріп, сол ойларды шынайы тұрғыда талдауды (психоанализ) үйреніңіз — бұл ойлау гигиенасын қалыптастырады. Саналы түрде ойларыңыз бен қиялыңызды бақылау — өзіңіздің ішкі әлеміңізге терең үңілуге жол ашады. Әр ойды байқаңыз, бағалаңыз және оны өзгертуге болатынын мойындаңыз. Себебі әрбір ой — сіздің эмоцияңыздың және әрекетіңіздің бастауы. Ал ойдың тазалығы — жан дүниеңіздің тыныштығы мен тепе-теңдігінің кепілі. Негативті ойлармен күресу ғана емес, оларды түсіну, қабылдау, және қайта қарау, ақиқатқа бағыттау — міне, шынайы рухани және психологиялық өсу осыдан басталады. Бұл — өзіңізбен серіктесе өмір сүру, өз санаңызбен үйлесім табу (келіспеушілік пен ішкі соғыс емес). Саналы өмір — автоматизмнен бостандық табу. Өзіңізге мейіріммен қараңыз. Әр ойыңызды дұшпан емес, дос ретінде тыңдаңыз. Себебі ішкі диалог — бұл өз-өзіңізді емдеудің алғашқы қадамы.

4. Күнделік жүргізу — бұл жай ғана жазба емес, ішкі әлеміңізбен шынайы байланыс орнатудың ең тиімді жолы. Әр жазған сөзіңіз — өзіңізбен сырласу, жаныңызды тыңдау, жүрегіңізге үңілу. Ол — ішкі тыныштықтың, түсіністіктің және рухани жетілудің айнасы. Күнделігіңіз сіздің сенімді серігіңізге айналады:
— қуанышыңызды бөлісетін,
— қайғыңызды тыңдайтын,
— ойыңызды жинақтауға көмектесетін,
— армандарыңызды шынайы жоспарға айналдыратын.

Тұрақты түрде жазу арқылы сіз:
— өзіңізді жақсырақ тани бастайсыз,
— ішкі дауысыңызды естисіз,
— шешімдер қабылдауда айқындыққа ие боласыз,
— әрі өміріңізді саналы бағытта құра бастайсыз.

Күнделігіңіз — сіздің жан айнаңыз. Онда шындық бар. Онда үміт, ем, жеңіс жатыр. Бүгін бір сөйлемнен бастасаңыз, ертең — өз тағдырыңыз жайлы өмір кітабын жазасыз.

Есіңізде сақтаңыз:
Күн сайынғы шағын әрекеттер — ертең үлкен ішкі трансформацияға жетелейді.


Ілмектер: жойқын, теріс, эмоция, деструктивті, реакция, психотравма, өткен шақ, травма, қабылдау, ой, ойлау, жан, дүние, рационалды, продуктивті, реалистік, қиындықтар, кедергілер, көзқарас, өзгеріс, конструктивті, теория, дағды, тәжірибе, бақылау, әділеттілік, баға, сұрақ, механизм, өзін-өзі тану, мүмкіндік, әлем, автомат, негатив, ақиқат, талдау, қиындық, кедергі, талдау, гигиена, артықшылық, даму, әл-ауқат, психика, эмоция, күнделік, әрекет, трансформация, оқиға, жағдай Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Жалпы эмоциялар белгілі бір оқиға мен жағдайға байланысты емес, оны қалай қабылдайтынымыздан туындайды. Оқиға немесе жағдай — бейтарап. Ол өздігінен ешқандай мағына да, ешқандай сезім де тудырмайды. Мағына мен эмоция — біздің ішкі интерпретациямыздың жемісі. Бір жағдай — бір адамды күйзелтсе, екінші адамды жігерлендіруі мүмкін. Бұл айырмашылық — шындықта емес, қабылдауда.

Біздің білетініміздей, эмоциялар — адамның ойлауын, әрекетін, әдетін тіпті тағдырын басқаруы мүмкін. Эмоцияны дұрыс түсінбеген жан — өзіне де, өзгеге де зиян келтіруі мүмкін. Кейде өкініш — өмір бойғы ренішке, кейде қорқыныш — үлкен мүмкіндік алдындағы тосқауылға, ал кейде — сол сәттегі эмоция шешуші таңдауымызды бұрмалап жібереді. Сондықтан әр эмоцияны бақылау — өзіңді тану мен жетілдірудің кілті.

Оқиға емес — сенің оған деген көзқарасың маңызды. Әлем емес — сенің оған деген сенімің шешуші. Сыртқы жағдай емес — ішкі күйің өміріңнің бағытын анықтаушы.

Көңілдің тазалығы — бет-бейненің нұрлануы. Жүректің тыныштығы — ақиқатпен үйлесімділігі.





Ілмектер: эмоция, оқиға, қабылдау, жағдай, бейтарап, мағына, сезім, интерпретация, күйзеліс, жігер, шындық, ой, әрекет, әдет, тағдыр, жан, зиян, реніш, өкініш, қорқыныш, тосқауыл, шешім, таңдау, өзін-өзі тану, жетілу, кілт, көзқарас, әлем, сенім, бағыт, көніл, көңіл-күй, жүрек, тазалық, ақиқат, үйлесім, нұр, нұрлану Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Бақыт пен қайғы – сыртқы дүниеде емес, өз санамызда. Күйзеліс – оқиға не жағдайдан емес, оларға берген мән-мағынадан туады.

Ілмектер: бақыт, қайғы, дүние, сана, күйзеліс, мән, оқиға, жағдай, мән, мағына Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Көзқарас өзгермейінше, жағдай өзгермейді.

Ілмектер: эмоция, оқиға, қабылдау, жағдай, адам Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Əркім өзінше жасампаздық танытады: түрлі жағдайлар мен мүмкіндіктерден əлдебірдеңе ойлап шығарады.

Ілмектер: жасампаздық, жағдай, мүмкіндік Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Əр халықтың да өзі өмір сүріп жатқан жағдайларға сəйкес айқындалатын өз адамгершілігі бар.

Ілмектер: халық, адамгершілік, жағдай Эмиль Дюркгейм
WhatsApp Telegram

Барлығы жағдайға тәуелді. Ал сол жағдайды да кім басқаратынын білу керек.

Ілмектер: тәуелділік, жағдай Станислав Ежи Лец
WhatsApp Telegram

Ақша менің ойнау дәрежемді өзгертпейді. Мен өзімді әлі, мамасынан доп сұрап алып, аулада сол допты қуалап жүрген баладай сезінемін. Бұл сезімді жоғалтқан уақытымда футболмен қош айтысамын.

Ілмектер: ақша, сезім, өзгеру, адам, жағдай, Лионель Месси, футбол, футболшы, дәреже Лионель Месси
WhatsApp Telegram

Үмітсіздік жоқ, надандық бар. Бұл өмірде шешілмейтін мәселе жоқ, тек күресуді, шыдауды білмей, проблемалардан шығудың жолын іздемейтін адамдар бар. Қабірден басқа шығатын жол бар. Бірақ сіз «Жоқ, менің жағдайым ешкімде жоқ, ерекше», «Құдай сақтасын, айтуға оңай, сендердің бастарыңа бермесін» деп ақталасыз.

Ілмектер: Үміт, үмітсіздік, надандық, өмір, мәселе, күресу, шыдау, проблема, жол, адам, қабір, жағдай, ерекше, Құдай, оңай Narsha Bulgakbaev
WhatsApp Telegram

«Өмірді тек СЫРТҚЫ адамдар (үкімет) басқарады», «Менің өмірім қоршаған ортаға жəне СЫРТҚЫ жағдайларға ғана (отбасы, жұмыс) байланысты» деген сияқты сенімдер – СЫРТҚА тәуелді адамның санасында берік орныққан. Олар керісінше дəлелдейтін логикалық сенімдерді қабылдаудан бас тартады.

Абайдың замандасы, американдық, Уильям Джеймс, көрнекті философ жəне психолог: «Біздің заманымыздың ең үлкен жетістігі — ойлаудың ішкі жақтарын өзгерту арқылы біз өмірдің СЫРТҚЫ жақтарын өзгерте алатындығымыз», — деп айтып кеткен. Бұл қысқа мəлімдемеде үлкен шындық бар.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, сырт, адам, Үкімет, басқару, қоршаған орта, отбасы, жағдай, жұмыс, айнала, тәуелділік, сенім, сана, логика, қабылдау, философия, психология, заман, Жетістік, шындық, шындық туралы, Абай Құнанбаев Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Өмір өзенінде еркін жүзгіңіз келсе сіз сұр, өкінішті өмірге балама бар екені туралы білу керексіз. Егер сіз өз жүрегіңізді жаңа идеяларға, құндылықтар мен сенімдерге ашуға дайын болсаңыз, онда сіз ойлау процесін қалай қайта құруға жəне тұрақты идеалды «Мен» -ді қалай қалыптастыруға болатындығын білетін боласыз. Сіз кім болсаңыз да, не істесеңіз де, қандай жағдайда болсаңыз да, сіз өзіңізге толықтай сенімді, бақытты бола аласыз. Мұны үйрену сіз ойлағаннан да əлдеқайда оңай! Тек өзіңізбен де, өзгемен де шынайы болуға әрқашан дайын болыңыз, жалған маскамен өмір сүрмеңіз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, Өзен, еркіндік, жүзу, Сұр, өкініш, балама, туралы, білім, жүрек, жаңа, идея, құндылық, сенім, идеализм, тұрақты, мен, жағдай, сенімділік, бақыт, үйрену, оңай, шынайылық, жалған дүние, маска Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Жалпы адамның "Басты Проблемасы" үш процессті дұрыс жасамайды (басқара алмайды) – ақпарат қабылдау, ойлану-сезіну, амал-әрекет ету. Осының салдарынан өзінің жағдайын сылтауратып, мотивация жоқтығынан жалқаулыққа салынады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адам, проблема, Мотивация, жалқаулық, жағдай, пайдалы ақпараттар, ойлану, сезім, іс-әрекет Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Жетістікке жету және одан да жемісті, бақытты өмір сүру туралы шешім қабылдау жеткіліксіз, өйткені бұл мәселенің жүрегін қозғамайды, бұл қате түсінік. Біз өз жағдайымызды шын бағалап, қоршаған ортамызды шынайы тұрғыдан түсінгеннен кейін ғана біз өзімізді ақиқатқа қарай өзгерте аламыз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Жетістік, жемістер, бақыт, Өмір, шешім, мәселе, жүрек, қате, түсінік, жағдай, қоршаған орта, шынайылық, ақиқат Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Болу – бұл ішкі өмірлік тәжірибе, ол сіздің ішкі жағдайыңыз. Сіз сыртқы жағдайларға сіздің болмысыңызды анықтауға мүмкіндік бере аласыз, бірақ сіз нақты қауіпке тап боласыз, себебі сізді қоршаған сыртқы жағдайлар, сіздің өміріңізді басқарады және сіздің өзіңізді қалай сезінетініңіз де сыртқы факторларға байланысты.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, болу, ішкі дүние, өмірлік тәжірибе, жағдай, сырт, болмыс, қауіпті, қоршаған орта, Өмір, басқару, сезіну, фактор Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Жаратылыс заңдылығы бойынша адам өмірі болмыстан нәтежиеге, яғни бір нәрсе істеу, сосын бір нәрсеге қол жеткізуге дейін жалғасады. Болмыс деген сөзді басқаша адамның қазіргі шынайы ішкі жағдайы деп атайын.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, жаратылыс, заңды білу, адам, Өмір, болмыс, нәтиже, жағдай Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Біз қателесеміз және қатені мойындаудың орнына өмір бойы өзімізді ақтаймыз. Біз басқаларды, ортаны, өз жағдайымызды кінәлаймыз, оның орнына біз неге былай айтпаймыз: «Мен өз өмірімді өзім басқарып келдім. Менің миымдағы ойларды басқаратын жалғыз менмін және дәл қазір менің кім екенім, қандай екенім – менің өзіме өзім жасағаным».

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, қателік, мойындау, Ақталу, Өмір, қоршаған орта, жағдай, ми, ой, мен Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Адамның болмысы (ішкі жағдай) болады және оның тұрмыс-тіршілігі (сыртқы жағдай) болады, бірақ біз өкінішке орай сыртқы жағдайымыздың жақсы болу керектігін білеміз, алайда ішкі болмысымыздың мінсіз БОЛУ керек екенін білмейміз. Біз үшін өмірдегі бақыт тек тұрмыс-тіршілікпен өлшенген.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, болмыс, тұрмыс, тіршілік, жағдай, бақыт Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Көрінбейтін адам не өлі не жат саналады, сондықтан жағдайыңыз қандай болса да көрініп қойыңыз, тығылмаңыз, қашпаңыз, сізге көмектеседі.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адам, өлім, жат, жағдай, көмек Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Бiздi тұрақсыз не күйрек ететiн жағдайлар емес, олар тек бiздiң қандай екенiмiздi ашып көрсетедi.

Ілмектер: жағдай, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Плутарх
WhatsApp Telegram