Заңғарлар
Кең қолтық, олпысолпы, аңғалсаңғал,
Алыстап бара жатыр заңғар шалдар.
Қазақтың ауылдағы қарттарында
Құпия қасиет бар аңғарсаңдар!
Күйкілікке күйіппіспе,
Күйіппіссең – біткенің.
Күліп қара, күле білсең,
Бір жеңіске жеткенің.
Ұлы тұлға,дана тұлға, Елбасы!
Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар дарасы.
Күш-жігерін арнады ұлы іске,
Көркейсің деп қазақтың байтақ даласы.
Ана тілім сен арқылы ән айтам,
Ана тілім сен деп бүгін жыр жазам.
Ана тілі - сені сыйлай алмасам,
Ел-жұртыма сұрағанда не айтам?!
Туған жерім – ұлы Отаным, мекенім,
Өзіңмен бірге өрге басып келемін.
Талай ақын, батырлардың ордасы,
Мен өзіңді шын жүректен сүйемін.
Сүйе біл сен, туған өлкең, еліңді,
Кең байтақ, ен далалы жеріңді.
Сүйе біл, сен, қазақ елің айбынды,
«Қайсар Қазақ» атты халқыңды .
Шаршадым деме,
Шаршауға сенің хақың жоқ!
Шырылдап жүрсең шынымен егер халқым деп,
Азамат аз ғой алаңдауы көп Алашта
Түңіле берме өмірден,
Түңілгенде не етерсің?
Күңірене берсең күнтүні
Күпір де болып кетерсің.
Жылым – жылқы, ал жұлдызым – таразы,
Жоқ ешкіммен бақталастық, аразым,
Адалдық пен әсемдікті сүйемін,
Айып емес қалта жұқа, мал азы.
Аңсаған адамдардың жарасымын,
Арнаған туған елге бар асылын,
Қиялы көп болғанмен, зияны жоқ
Қазақтың мен де ақкөңіл баласымын!
Тұңғиық көкке
Қараймын неге телміріп,
Мұңайып жаным,
Мүжіліп іштей егіліп,
Шексіздіктің біледі кім мөлшерін...
Қиялдадым...
Жер, көкті,
Күнді өлшедім.
Өмір маған берді ауыр сынағын
Өксіп,өшіп,сынбай,талмай шыдыдым
Өкпелегенмен өмір мені өксітті
Өкінгенмен өмір берді сынағын
Өмір маған берді ауыр сынағын
Өксіп,өшіп,сынбай,талмай шыдыдым
Өкпелегенмен өмір мені өксітті
Өкінгенмен өмір берді сынағын
Жар басында жапалақ
Өсектесе бүркітті,
Түлкі тыңдап тасалап,
Жасырын қағаз түртіпті.
Жарық жоқ. Ұйқы қашқаны...
Ауыр түс қалды жадымда.
Сағаттың тықтық басқаны,
Зарлап тұр жалғыз маңымда.
Кеншілік – асыл кәсібім,
Ақындық – ақ сүт нәсібім.
Әкімдік – заман әмірі,
Жалықпай жүгін тасыдым.
Тіршілік, кей сырыңды біліп едім,
Ескермей еркелікпен жүріп едім.
Егделік етекжеңді тарылтты ма,
Көп достар, естілмейді дүбірлерің.
Асылын сыйлау ұлтымның –
Тұғыры берік ғұрпымның.
Кәрібжанов Фазылды
Еске алуды ұмтылдым.
Арал кетті...
Адамдар, Арал кетті,
Оны жұтқан сорақы заман кетті.
Онсыздағы онша емес елдің күйі,
Өлеңмен ғана жүрер ем
Кей ақынша күнелтіп,
Қатыгез соғыс дүрбелең
Қаусатты елді жүдетіп.
- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі