Демалыс жыры
Қырдың гүлі,
Күннің нұры,
Қол бұлғайды сая бақ.
Асқар белдер,
Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос-бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Жүк таситын мәшине,
Оған жүкті артамыз.
Жылда-жылда жаз шыға
Тауға қарай тартамыз.
Асыға күтіп жүргенмін,
Болар деп қашан мейрамың.
Суретін салдым гүлдердің,
Келеді соны сыйлағым.
Тамшы – көктем пашағы.
Сүңгі – шатыр шашағы.
Сол шашақтан сырғанап,
Қыс ақырын қашады.
Көгершіндер, кептерлер,
Текке менен үрікпеңдер,
Тереземе қоныңдар,
Аулаққа ұшып кетпеңдер.
Гүл өспесе ойларға,
Көктем тойын тойлар ма?!
Жаңа отыққан қозылар
Көк майсаға бойлар ма?!
Атқан таңның арайын
Мен еншіме алайын.
Жұмсасаң да қайда, ата,
Мен жүгіріп барайын.
Қос білекті сыбандым,
Бақты күттім, суардым.
Бағым гүлдеп, жайнады,
Онда бұлбұл сайрады.
Келген тауық қырманнан дән арқалап,
Үйрекке айтты:
– Жем шоқыңыз, мархабат!
– Аш қалдық деп жаңа ғана қапыда ек,
Айтпаса да білемін,
Атам шаршап келгенін.
Төрге апарып ілемін
Шапан,
Жұлдыз тармақ, жылтырақ,
Қиыршық қар таласып,
Қалықтайды құлдырап
Бір-бірімен жанасып.
Таңертең жауды күміс қар –
Әкелді суық тұңғыш қар.
Бүрісіп, жаурап, құнысып,
Үйшікте жатыр сұр күшік.
Көп аузынан түспейтін
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс-кейпін,
Достым, білгің келе ме?
Бес жасынан ат құлағында ойнайтын,
Ақ шабақша Ертіс суын бойлайтын.
Мен – баласы даланың!
Жеті түнде бес жүз қойдың түс-кейпін
Жарық аспан, жасыл далам,
Сен жұмбақсың ашылмаған.
Қымбат қара тасың маған,
Құмарым бір басылмаған,
Осы біздің ақ үйді
Жұрттың бәрі таниды.
Бір қонағы қадірлі.
Түсте аттанып жатады
Сыйлап жүрген көп кісі.
Дала сынды кең ойы,
Ұстаз – ұлттың ұйтқысы.
Ұста – елдің мерейі.
Менің інім желаяқ,
Жарыстан еш қалмайды.
Оң аяқ пен сол аяқ
Алма-кезек заулайды.
Менің әпкем ақылды,
Күнде сабақ оқиды.
Қолы босап қалса егер,
Бізбен шілтер тоқиды.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі