Өлеңдер жинағы - 58 бет

Жігіт сөзі

gumakanapia

Қайдан ғана жолықтың жарық күнім?
Шалықтырып дертіне ғашықтықтың..
Кездескелі өзіңмен мазам қашты,
Бөтен болып кеткендей жар, ұл-қызым.

Толық оқу

Жұбайлар жыры

gumakanapia

Ерік:
Жиырма жаста кездестім де өзіңмен,
Көз айырмай қарап қалдым көзіңнен.
Бірден сездім "менің жарым осы" - деп,
Алғаш рет ғашықтықты сездім мен!

Толық оқу

Анамның көзі бар менде

gumakanapia

Күннен де жарық, мейірлі анамның көзі,
Жаныма майдай жағады еркелеткені.
Анамдай мені уайымдап, жаны күйетін,
Таба алмаспын-ау адамды адал жүректі.

Толық оқу

Мейірімге мұқтаж заман-ай!

gumakanapia

Енеге келіні жақпай,
Қайын жұрт күйеуді ұнатпай.
Ит пенен мысықтай болып,
Өмірдің сырғып аққаны-ай.
Бай болсаң - беделің асқақ,
Жарлыға - жақын да жаттай!

Толық оқу

Мұсылман - періште емес!

gumakanapia

Мұсылман  - періште емес,
Иманды жай адам.
Нәпсі мен шайтаны,
Күні-түн азғырған.
Сонда да жеңілмей,
Қаншасы келеді.
Иманның бал дәмін,
Олар шын сезеді.

Толық оқу

Пайғамбарды сағынғанда

gumakanapia

Я, РасулуЛлаһ!
Сізді сағындым!
Арманым бір көру, жүзіңді лағыл нұр.
Мейірімге шөлдесем Өзіңді ойладым,
Қатыгез қоғамда қиналса жаным бір.

Толық оқу

Орамал - ең үлкен сый

gumakanapia

Орамал - ең үлкен сый мұсылманға,
Ұсынса біреу оны тастай салма.
Аналар ақ сезімін білдіретін -
Кестелеп, шашақ салып орамалға.

Толық оқу

Қазақтың асылы

Ерлан Ахмет

Аңсап келген "Атажұртым, тегім" деп,
"Ата-бабам қимай кеткен елім" деп!
Тағдырымен таңғалдырған тарланның
Таңбасы бар атамекен жерінде.

Толық оқу

Қазақтың асылы

Yerlan

Аңсап келген "Атажұртым, тегім" деп,
"Ата-бабам қимай кеткен елім" деп!
Тағдырымен таңғалдырған тарланның
Таңбасы бар атамекен жерінде.

Толық оқу

Мың бір арман

Sarybaev

Бақыт деген
Бір-ақ сәттік тыныштық,
Бірде тіпті
Көз жасы мен тұр құшып.
Жетпей қалсам,
Өкініштен жыламан,
Сол арманның
Өзі маған ып-ыстық.

Толық оқу

Таңғы тамшы

Sarybaev

Көңілімнің көктем кешінде мен,
Түсіңе ендім бе шексіз есіңде ме?
Адамға мұнша бауыр баспаған ем,
Есіріп бара жатыр есіл кеудем.

Толық оқу

Ханның қызы

Sarybaev

Үзілер қалай көңіл күйбеңнен,
Ғашықтық сырда төзім иленген.
Қағбасы қымбат, күмбезі биік,
Жете алмай жүрмін уәзірлеріңнен.

Толық оқу

Бейкүнә сынықтармыз

Sarybaev

Қай жерден, кім білсін, қателестік,
Армандарды аңсама жетер естік.
Бір өзенге құя алмай тасқын жүрек,
Жағалауда кете ме амал нешік.

Толық оқу

Естелік мекені

Sarybaev

Күн батады баяу ғана жоталардан,
Көңіл шіркін кетпейді сол алаңнан.
Ескі үйім қазынам, мәңгі өшпес,
Ғұмыр сазы сыңғырлап түп санадан.

Толық оқу

Аға жолы

Sarybaev

Сабырдың өзі сенен шабыт алған,
Жуылып күмән, өзендей тұнып арман.
Сен бар, аға, жолым да жеңілдейді,
Басыңнан бақ таймасын, асыл ағам.

Толық оқу

Саралжын-сазы

ramazaninabat2025

Саралжыным – сағымды сұлу далам,
Көңілімде көктемдей тұнып қалған.
Жасыл белде жаңғырып желдей ескен,
Туған жерім, құшақ жай, жарық алаң.

Толық оқу

Азаттықты аңсаған

ramazaninabat2025

Аңсап өткен ақ арманы бабамның,
Тәуелсіздік -жеңісі бұл даламның.
Жүрегіңді елжіретер бар сыры,
Тіпті сонау бесіктегі балаңның.

Толық оқу

Қызғанамын

Мәулітбек Ұлас

Басқаның бағы болсаң да, қызғанамын,
Сөндіре алмай кеудемнің сыздағанын.
Күндей болып жылытып жүруші едің,
Айтшы қазір неліктен мұз жанарың?

Толық оқу

Нағыз бақыт

Есбол Бозан Өтежанұлы

Нағыз бақыт — ғылым менен өнерде,
Пайдаң тисе, сауап жасап көп елге.
Нағыз бақыт — қанағат пен иманда,
Сабырлықта, сақтай алсаң егер де.

Толық оқу

Белгісіздік. Екінші нұсқа

Есбол Бозан Өтежанұлы

Келешекте не күтіп тұр — белгісіз,
Бұны ойлап, жүрегіме келді сыз.

Қасиеттен жұрдай болып адамдық,
Молаға кірпіш болып қаландық.

Толық оқу

Мұстафа Өзтүрік

Yerlan

Аңсап келген "Атажұртым, тегім" деп,
"Әкем, анам қимай кеткен елім" деп!
Тағдырымен таңғалдырған тарланның
Жаны қалды атамекен жерінде.

Толық оқу

Зайсан - аңыз

Yerlan

Зайсанның бүгін өткені
Айналып кетті аңызға.
Сайханның бағзы бөктері
Тамылжып тұрар тамызда.

Толық оқу

2025. Қараша

Yerlan

Астананың қарашасы:
Қар аралас жауындатып,
Борандатып, дауылдатып,
Осы боп тұр "тамашасы".

Толық оқу

Кім кепіл?

ZhamalatdinovnaF

Кім кепіл бұл өмірдің барысына?
Кім кепіл ертеңімнің табысына?
Бүгінгі күн – бір бақыт қас қағым сәт,
Ертеңгі күн түссе қиын сағы сынға.

Толық оқу

Мама-ау

sunadilla

Мама-ау
Дүниеге әкеліп дара қылған,
Тартып тартып өстік қой балағыңнан.
Мынау жым-жырт әлемде жұмбақ болған,
Жақсылықты көремін жанарыңнан

Толық оқу

Зайсан - аңыз

Yerlan

Зайсанның бүгін өткені
Айналып кетті аңызға.
Сайханның бағзы бөктері
Тамылжып тұрар тамызда.

Толық оқу

Күзгі кеш

Maira_Aldabergenova

Отырмын терезе түбінде,
Сенімдік неге жоқ үнімде?
Қараша әлі де жып-жылы,
Қуантты шынайы бүгінде.

Толық оқу

Даладағы соғыстар

Жантаев Райымбек

Даланың танкі гүрс етеді,
Сарбаздар кетті ұрысқа.
Жас командирді көтеріп келеді,
Жаралы басы қан баспа

Толық оқу

АЛТЫНЫМА

Unknown poet

Жаралған дара, өзгеден бөлек болмыс-бітімің,
Дана бір туған, ұқсамайтұғын өздік үмітің.
Ғайыптан келген бейнедей жұмбақ жандай бір,
Қол жетпес шыңда тас жарып өскен нәркес гүлмісің?!

Толық оқу

Кім дұшпан?

gumakanapia

Реніштен асқан дұшпан көрмедім,
Миыма оның кіргенін де сезбедім.
Жанымда ылғи ол болғанда байқасам,
Ашу-ыза тәнді ауыртып, сенделдім.

Толық оқу