Ғашықсың ба білмеймін, жүрек неге тынады
Ғашықсың ба білмеймін, жүрек неге тынады,
Көзім сен деп оянып, сен деп қайта жылады.
Түннің қара жамылғысы жанымды үнсіз қаптады,
Сенің нәзік елесің үміт болып сығалады.
Ғашықсың ба білмеймін, жүрек неге тынады,
Көзім сен деп оянып, сен деп қайта жылады.
Түннің қара жамылғысы жанымды үнсіз қаптады,
Сенің нәзік елесің үміт болып сығалады.
Көрген сәттен жүрек шіркін шым етті,
Желдің лебі жаныма бір гүл септі.
Қарашығың тұңғиық бір әлемдей,
Сол әлемге көзім мәңгі үңілді.
Нәзік қолдар, нәзік белдер, үзіліп,
Том-том кітап тасып жүрген жүгіріп.
Мұғалім мен оқушылар "талайды",
Одан қалса "кітап бер"- деп, жүгініп.
Айналасы кітап тола сөрелер,
Еңбегі оның көрінбейді,
Себебі ол:
Жазып, сызып, түптеп, санап жүреді,
Оқушының оқулығын таудай мол.
Әкесі:
- Айқайлап жатырмын мен "Бауыржан" - деп,
Ән айтып сен отырсың "ау әке!" - леп.
Әкесі шақырғанда шықпайтындай,
Білгім келеді ұстаған сені не деп?
І. Сары менен Шобалдың құт мекені,
Тоғызбұлақ - Қапездің туған жері.
Самал желмен ырғалып би-билейтін,
Белуардан келеді шүйгін шөбі.
Жылқы жылы кеп жеткен құтты болсын, Ұстаздар!
Рейтингісі мектептің мықты болсын, Ұстаздар.
ҰБТ-дан шәкірттер тек жоғары бал жинап,
Абыройын ауылдың аспандатсын ұл-қыздар!
Сөйле, тілім, қаймықпа,
Шындық жолдан айныма.
Жүрегіңде жалын бар,
Сол алауды сөндірме.
Мен сені сүйдім, білесің бе?
Жанымның отын сезесің бе?
Жалғанға жаның алданбайтынын,
Сезімім шын ғой — сезесің бе?
Көрдім бүгін басқамен - көзің жайнап,
Мен тұрдым үнсіз ғана өзім қайнап.
Бір кездері маған ғана бұйырған нұр
Бөтен жанның жанарында кетті ойнап.
Білім-сенің болашағың,жарқының
Білім-сенің бар байлығың,табысың
Білімменен көркейесің,дамисың,
Білім-сенің болашағың,алтыным.
Кездің қазіргі көзқарасы
Қалыптасқан-ды заманда.
Халықтың көбі ойламайды,
Неге ауылды сағына?
Кездің қазіргі көзқарасы
Қалыптасқан-ды заманда.
Халықтың көбі ойламайды,
Неге ауылды сағына?
Намыспенен біз бекер арпалыстық.
Жазардай жеңілгені хаттар ыстық.
Жеңімпаз кім боларын білмеген соң,
Берілген уәделерді қаптап құстық.
Шер-ағам жолбарыстай өткір көзің,
Тесердей тас кеудені отты сөзің.
Бойыңда тылсым күш бар құдіретті,
Тамұққа төтеп берер темір төзім.
Адамға арман аманат сынды,
Ішінде сақтар шырақтай нұрды.
Сол нұрды сөндірмей өтсем екен,
Қуана сүйіп мына бір ғұмырды.
Тыңда, мені, қарағым,
Тұрған кезде сөз бүтін.
Төрге жеткен аяғым,
Көрге жетпес деймісің.
Шаңы шығып шұбатылған жолыңмен,
Жортып келем ылдыйыңмен, өріңмен.
Айлы түнде күңіренген, құлаққа,
Үн келеді бабалардың көрінен.
Жалғыздықты жалғыз қып тастай алмай.
Ғашық болып жаңадан бастай алмай.
Қиындатып өмірді, құса болам.
Сөйлесемде сөзімді растай алмай.
Тауда өстім, тау тілімен тілдестім,
Биігімен ой таласып үндестім,
Қара таудан қайсарлықты үйреніп,
Өр мінезбен өмірменде күрестім
Орта жүздің Арғыны – арғы бабам,
Темештерден тараған – руым Манам.
Тарихымда таңбалы із, терең шежіре,
Жүрегімде жаңғырады туған далам.
Ұстазым ізгі еді нәзік жаның,
Біздерге еш қаталдық танытпадың.
Сабырмен білім нәрін сіңіріп ең,
Мейірімге бөлеуші едің сәби жанын.
Сансыз шүкір өмірімде барыңа,
Аллаһ сені берген ғой менің бағыма.
Өмірімді нұрға бөлеп сен менің,
Әрқашанда демеу болдың жаныма.
Сағынасың, іздейсің, тырбынасың,
Ол жанды бұл дүниеден таба алмассың.
Білмейсің не істеріңді жалғыздықтан,
Қалғансың бауыр басып, араласып.
Есіңде ме, қоңыр күзгі сол бір кеш?
Жүздесіп ек, бір ортада үнсіз еш.
Сол ортада бір өзіңнен көз алмай,
Сенің жүзің — жанымдағы жалғыз кеш.
Қызықтар көп, байқалмайтын мұң мен қайғы
Күнде ғашық, ашық жаның жыр толғайды
Көтер көкке басыңды,тік ұстағың
Он жеті жас қайта кері оралмайды
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі