Күндіз ашық,
Түнде жабық.Түндік
Мына сілтемелерді де қарап көріңіз:
Бассаң бір түймесін,
Есігі ашылған.
Керемет күймесі
Кісіні тасыған.Лифт
Алдында бір нәрсе әкеп берсе, тегі
Оңын сол, солын оң ғып көрсетеді.Айна
Өзі кірден арылмас,
Ізінен кір табылмас.Сыпырғыш
Жайсам жамшыдай,
Жисам қамшыдай.Шымылдық
Керемет бір ит бар,
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді,
Көмейіне тықсаң сөйлейді,
Тілін адам біледі.
Рұқсатсыз ол иттен
Адам үйге кірмейді.Құлып
Бір нәрсе өзі білік, іші қуыс,
Ол заттың сүйегі көп айқыш-ұйқыш.
Көзі бар жарқыраған төбесінде,
Жайса үлкен, жиналғанда бір-ақ уыс.Киіз үй
Ауп дедім,
Ептедім,
Септедім,
Қара жерді түптедім.Киіз үй
Аңырайған кең есік,
Кірмес бірақ жел есіп.
Терезе әйнек
Ішіне адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды.Сандық
Бір нәрсе өзі биік, іші қуыс,
Ол заттың сүйегі бар айқыш-ұйқыш.
Көзі бар төбесінде жарқырайды,
Жайса үлкен, жиса бір-ақ уыс.Киіз үй
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі