Жауабымен жұмбақ – Техника, көлік, шеберхана құралдары туралы жұмбақтар


Апам үшін қам жеген:
Тозаң жұтып, шаң жеген.
Жатыр үйде айдаһар,
Ондай мешкей қайда бар?

Шаңсорғыш

Қарап көріңіз:

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл жұмбақтың жауабы қандай?

Шаңсорғыш

Бұл қандай жұмбақ?

Техника, көлік, шеберхана құралдары туралы жұмбақтар

Жұмбақты қайдан оқуға болады?

Бұл бетте жұмбақтың толық мәтіні мен жауабын онлайн оқуға болады.

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Басқа да жұмбақтар


Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші,
Әр үйде бар, тапқышым, кәне, білші.

Радио



Орана бередi, орана бередi,
Оранған сайын көлемi молая бередi..

Жiп орамы



Тақылдатып таңдайын,
Егінді тез жалмайды.
Дәнін беріп тазалап,
Өзі түкте алмайды.

Комбайн



Гүрілдеп жүреді,
Жердің бетін сүреді.

Трактор



Мініп алып самғайтын
Қыраным бар талмайтын.

Ұшақ



Ақ шатырлы бір қала,
Суда жүзіп, жүр дара.

Кеме



Ас бөлмеде тұрағы,
Алған демі суық-ақ.
Ішін тартып тұрады
Ішек-қарны шұрылдап.

Тоңазытқыш



Бұлт емес, жел емес, –
Бұлттан бір кем емес:
Төгіп өтсе нөсерді,
Егін жайнап өседі.

Жаңбырлатқыш



Жолдардың торабын,
Абайлап қарағын,
Әйгілеп үш сөзді,
Бір дәу тұр үш көзді.
Оған жас-кәріміз –
Бағындық бәріміз.

Бағдаршам



Сымға жалғанып,
Сыммен бойлайды:
Ол келсе шам жанып,
Үй іші жайнайды.

Электр тогы


Жұмбақ бөлімдері