Бұл бөлімде өсімдіктер туралы жұмбақтар жинақталған. Егіс, гүлдер, ағаштар мен табиғатқа қатысты танымдық сұрақтар берілген. Балалар өсімдіктер әлемін қызықты түрде танып біле алады. Жауаптары бірге ұсынылған.
Көктемде көктеп шығады талға,
Күзде сарғайып түседі жерге.
Бұл не?
Жапырақ
Тау-тау ақ қар, ерімейді ыстықта.Мақта
Пішіні бар домалақ,
Көміп қойдым сығалап,
Жақсы болса тұрмысы,
Шығады екен қоғалап,
Бес ай тәмәм біткенде,
Қаптап алдым құмалақ.
Картоп
Айтайын мен бір жұмбақ қыл тамаша,
Тыңдама жұмбағымды ұнамаса,
Ішінде дәндері бақша-бақша,
Кішкентай бейнесіне көз тоймайды қараса.
Ол не?
Қарақат
Сырты қызылсары домалақ,
Көрген жан қызығады,
Іші ай сияқты дөңгелек,
Бұны кім табады?
Мандарин
Сопақша көк өңі бар,
Пайдалы мөлдір сөлі бар.
Піскен кезде жияр,
Оның аты...Қияр
Атасы қисық ағаш
Анасы жайма шелпек,
Бір сабақта құж-құж жентек.Жүзім
Қырға қызыл кілем жайылды.Қызғалдақ
Қабат-қабат киінген
Төбеден шашы түйілген.
Жеп көріп едім өзінен
Жас шығарды көзімнен.
Пияз
Сырты сары, іші дәрі.Лимон
Жазда жатсаң - көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң – жаның рахат табады.
Ағаш
Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.Қарбыз
Ызақор бұғып жатыр,
Сақалы шығып жатыр.Жуа
Қысы-жазы өзгермес,
Көрсең де күні-түнімен.
Қанша аяз болса да,
Айрылмайды гүлінен.Шырша
Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен.Пияз
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
Ағаш
Ағайынды бәрі:
Шықса-көк,
Түссе-сары.Жапырақтар
Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.Қияр
Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
Қауын
Сырты жасыл қатты,
Іші қызыл тәтті.Қарбыз
Өсімдіктер туралы жұмбақтар бөлімінде қазақша жұмбақтар жауабымен жинақталған. Бұл беттен балаларға, оқушыларға және ересектерге арналған қызықты, логикалық және танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жұмбақтар ойлау қабілетін дамытып, тапқырлықты арттыруға көмектеседі.
Өсімдіктер туралы жұмбақтар – ойлауды дамытуға арналған қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға және ересектерге де арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі