Егіс пен өсімдіктер өлкесі туралы жұмбақтар – 7-бет


Көктемде –
Түрлі-түске малынған,
Қыста –
Ақ жамылғы жамылған.



Теңіз дерсің,
Толқып жатқан,
Ару дерсің,
Сырға таққан.



Жасыл желекті,
Жүзін жел өпті.
Көктемнің құшағына құлап
Тұрады қуанғаннан жылап.



Сыздардай сымбатты
Көңіліңді бұрады.
Күнмен тілдесіп
Ән салып тұрады.



Бір кезде қыз, келіншек болған мырза,
Өзінің көркемдігіне болып ырза.
Біраздан соң түрін көрсең,
Қалады бөлек-бөлек болып сайда.



Алыстан қарасаң, қара,
Жақындасаң, бала.
Ұстаған таяқ,
Жесең, тамақ.



Онда барып, ондай болдым,
Мұнда келіп, мұндай болдым,
Белін буған қындай болдым.



Сәл иіліп, сәнденіп,
Бақшада тұр сары бөрік.
Күзде жинап жаншысаң,
Сорғалайды май болып.



Жүзін орап гүлменен,
Күнге қарап телмірер.
Тіспен шағып, тілменен
Дәмін татқан ел білер.



Шөлде гүлдейді, құлпырады,
Суда өмірі қырқылады.



Қыс болса, ұзын бойлы жалғыз тұрған,
Жаз болса, түрлі құстар келіп қонған.
Қысты күні киімсіз, жазда киімді,
Жыбырлап түрлі жәндік соған толған.



Шақырсаң, өздігінен бара алмайды,
Сұрасаң, бірде жауап бере алмайды.
Егер де отқа салсаң, өліп кетер,
Бір жерін кесіп алсаң, қанамайды.



Кіргенде жерге сыңар-ды,
Ұрпағын ертіп ол шығарды.



Өзі жерде бұғып жатыр,
Сақалы сыртқа шығып жатыр.



Әрі қызыл әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.



Түрі шар сияқты,
Түсі қан сияқты,
Дәмі бал сияқты.



Жер бетінде селдір шаш,
Жер астында жұмыр бас.



Қышқыл қызыл бытыра
Тығып алып ұртына.
Тымырайып тұрғаны,
Түк шығармай сыртына.



Қозыларым көгендеулі күн ұзын,
Су ішкенмен шөп жемейді бір үзім.



Атан түйе тұралап,
Аштан қатып қалған ба?
Бір-ақ уыс құмалақ
Шықты қарнын жарғанда.



Құдай-ай, құдіретіңнің панасынан,
Таңым бар мен Құдайдың бар күшіне,
Анасы туады екен баласынан.



Байлап қойдым қойымды,
Желіде жатып тойынды.



Көктемде тұзақ құрғанмын,
Қолайлы деген қырға бір.
Тамызда барып жинадым,
Бір арба қызыл қырғауыл.



Пісер күнін сарылып,
Күтіп жүрдік сағынып.
Күз келгенде болыпты
Салиқалы сары мұрт.


Жұмбақ бөлімдері мен түрлері