Жайсаң қабырға,
Жисаң қом етесің.
Жиылғанда киер екі кепесін.
Дүниеде дөңгелек дәу, білесің бе?
Өзі аппақ жаулығы бар төбесінде.
Үш белбеу, бес киім, бір жапқышы бар,
Сансыз бау, ою-өрнек денесінде…
Сүйектері, жиһазы көзді тартқан,
Ішіне балалар-ау кіресің бе?!
Төрт таяққа керілді,
Әдемі үй боп көрінді.
Жиегіне қағылар,
Әр есіктің қалы бар.
Ол болса қақпа да,
Ашылып-жабылар.
Күзетем деп үйді,
Жұдырығын түйді.
Көмейлете інді,
Сүңгітіп ем тілді.
Темір кісен діні,
Кейін қарай шегінді.
Түбінен үзген,
Қатарлатып тізген,
Сүйрікті тұттым,
Таза ауа жұттым.
Көк тіреп тұрған,
Көп таяқты буған.
Дөңгелек үйдің,
Қара-шұбар жыланмен
Белін будым.
Қабырғаның кең төрі,
Ажыратпай ұстап тұр,
Жұмыр болат шеңбері.
Түріліп тұрар бір басы,
Бұрышсыз үйдің мұржасы.
Ұшы екі айыр ақ таяқ.
Сүйеніп тұр жатпай-ақ.
Тақиялы сүмбі тал тізбегі,
Ақ шапан жамылды жүн тегі.
Бір басы имек,
Бір басы үшкір сырық,
Қатар-қатар тұрып,
Күмбез сынды шеңберді,
Көкке тіктеп көтерді.
Имек бүйір ұшының,
Бұйдасы бар.
Қырлы сүйір ұшының
Ұясы бар.
Тұмсығын тесіп,
Жүннен бұйда есіп.
Қазыққа байладым.
Көрсең,
Алып тор жолды парақтай,
Жайсаң,
Қатарлап сызған жолақтай.
Жетпіс екі найзаны,
Біріктіріп ұстап тұр,
Ата-бабаның қай жаны,
Ие болса оған — ұшпақ бір.
Төбедегі көзінен,
Күн сәулесі түседі.
Бұрышы жоқ төрінен,
Самал еркін еседі.
Аяғы жер тіреп,
Таяғы көк тіреп тұр.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі