Киіз үй жабдықтары туралы жұмбақтар – 5-бет

Бұл бөлімде киіз үй жабдықтары туралы жұмбақтар берілген. Ұлттық тұрмысқа қатысты сұрақтар балалардың тарихи және мәдени танымын кеңейтеді. Қарапайым әрі мазмұнды жұмбақтар есте сақтауға жеңіл. Жауаптары бірге көрсетілген.

Бұл 5-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.

Ең көп қаралған жұмбақтар


Былайғы елдің баласы
Ашамайын мініп тұр.

Керегенің басындағы уық


Жетпіс кемпір жер тістеп жатыр,
Алпыс кемпір ат байлап жатыр.

Кереге мен уықтар


Жүз жігіт жер тіреп жатыр.

Кереге


Алпыс атым ала аяқ,
Жетпіс атым жел аяқ.

Кереге


Ай құшақ,
Ай құшақ,
Жиылып келсем-бір құшақ.

Кереге


Қырық қой қырқылдақтан су ішіп жатыр.

Уық, шаңырақ


Біреуде қырық ұл бар,
Қырқының қырық аяғы бар.

Уық, кереге


Алтынменен аптадым,
Күміспенен күптедім.
Бірін өрге шығарып,
Бірін жерге түптедім.

Уық, кереге


Әкесі баласын көтеріп тұр,
Баласы бөркін көтеріп тұр.

Кереге, уық, шаңырақ


Отыз омыртқа,
Қырық қабырға,
Бәрін ұстап тұрған-
Ауыз омыртқа.

Уық, кереге, шаңырақ


Алпыс атым ала аяқ.

Уықтың қаламы


Қара тоқтыны қайырып соқтым.

Түндіктің ашылып, жабылуы


Қара таудың басында
Қабылан деген құс отыр.
Қанатына мұз қатып,
Қайрыла алмай ол отыр.

Түндік


Ақ итім арбадан қарғып түсті,
Барлығының басына шыққан кісі.

Түндік


Күндіз ашық,
Түнде жабық.

Түндік


Таңертең тұрдым,
Ернімді бұрдым.

Түндік


Ұзын-ұзын әулие,
Төбесін құрт жеп қойған,
Тұғыр төбе әулие.

Шаңырақ, уық


Әупірім, ала, қара құс,
Үсті-басы тарамыс.

Шаңырақ


Өзімді жас қайыңнан кесіп алды,
Белімді неше жерден тесіп алды.
Жемейді көк түтінмен ертелі-кеш,
Шықпаған шыбын жанның несі қалды.

Шаңырақ


Әлім-шәлім,
Екі байдың қызы, екі ханым,
Төрт жеңгесі бар екен,
Қызмет қылған немересі.
Бууы-бууы, буы ұзын,
Буыннан да қолы ұзын,
Аба киік терісі,
Алтын қошқар мүйізі.

Бау, құр, екі үзік, төрт туырлық, түндік, кереге, уық, киіз, шаңырақ

Киіз үй жабдықтары туралы жұмбақтар туралы

Бұл бөлімде Киіз үй жабдықтары туралы жұмбақтар бойынша жұмбақтар жинақталған. Жұмбақтарды жауабымен бірге оқу ойлау қабілетін, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектеседі.

Жиі қойылатын сұрақтар

Киіз үй жабдықтары туралы жұмбақтар деген не?

Киіз үй жабдықтары туралы жұмбақтар – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.

Киіз үй жабдықтары туралы жұмбақтар кімдерге арналған?

Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.

Жұмбақтарды жауабымен қайдан оқуға болады?

Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.

Жұмбақ бөлімдері мен түрлері

Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.