Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар

Бұл бөлімде ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар жинақталған. Күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар туралы сұрақтар балалардың танымын кеңейтеді. Қарапайым әрі қызықты жұмбақтар есте сақтауға жеңіл. Жауаптары бірге берілген.

Ең көп қаралған жұмбақтар

Жаңа жұмбақтар


Астына шоқ қаладым,
Үстiне шоқ қаладым,
Iшiнде пiсер тамағым.

Таба



Жер баспайтын аяғы,
Апамның ақ таяғы.
Жұдырықтай қамырды,
Жаулықтай ғып жаяды.

Оқтау



Өзі жаңа,
Өзі тесік.

Елеуіш



Кесе-кесе мұқалды,
Жони-жони жұқарды.

Пышақ



Аяғы жоқ, басы бар,
Іліп алған асы бар.
Тиген кезде қолыңа,
Аузыңа тез асығар.

Қасық



Сүті жоқ сыңар емшек,
Сәбилер құмар емшек.

Емізік



Сүңгіп жүр, жүзіп жүр:
Судан дәм сүзіп жүр.

Кепсер



Түгел айтсақ не барын:
Төрт құлақ та бір қарын.

Қазан



Бес қаруы бойында.

Универсал бәкі



Дос үйіне түстің бе?—
Түгел соның үстінде.

Дастарқан



Темір де, ағаш та емес,
Ыдыс, су құяды.
Шөлдерде қатады ес,
Мол су сияды.

Тұлып, мес



Қос құлақты ыдыс,
Тоқылады жүннен.
Ақ дәм, азық, дән салып,
Бабалар артып жүрген.

Қап, дағар



Бір ыдыс кергіштелген аузы арандай,
Құйған нәрсең өтеді аялдамай.
Тек түбінде қыл-қыбыр…
Қалар ылғай.

Сүзгі



Шеңберлi есiгi бар,
Жүздеген тесiгi бар.
Iшiне кiргендердiң,
Ұсағы жол табады,
Iрiсi тор қабады.
Ыдыс-аяқ бөлмесi,
Тазалықтың көрмесi.

Әбдiра



Бiреу есiгi,
Тұбiнiң
Көп-ақ тесiгi.

Елгезер



Ұшы үшкiр, сабы бар,
Екi жүзi қайраулы
Бауы менен қабы бар,
Белде жүрер байлаулы.

Қанжар



Құдықтың iшiнен,
Құдық көрдiм.
Бiрiнде – су қайнайды,
Бiрiнде – от жайнайды.

Самауыр



Иiнiнде құлағы,
Iшiнде бұлағы.
Көмейiне от салсаң,
Ызыңдап тұрады.

Самауыр



Мөлдір түрі,
Шеңбер түрі.
Аузы тарлау,
Шыны күбі.

Құмыра



Төртеу адамы,
Біреу алаңы.

Үстел


Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар туралы

Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар бөлімінде қазақша жұмбақтар жауабымен жинақталған. Бұл беттен балаларға, оқушыларға және ересектерге арналған қызықты, логикалық және танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жұмбақтар ойлау қабілетін дамытып, тапқырлықты арттыруға көмектеседі.

Жиі қойылатын сұрақтар

Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар деген не?

Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар – ойлауды дамытуға арналған қазақша жұмбақтар жинағы.

Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар кімдерге арналған?

Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға және ересектерге де арналған.

Жұмбақтарды жауабымен қайдан оқуға болады?

Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен онлайн оқуға болады.

Жұмбақ бөлімдері