Бір нәрсе өзі жансыз,аяғы жоқ,
Су менен шөптен басқа қорегі жоқ,
Ішін ашып қарасаң бір мезгілде,
Тұрады жеген жемі жабағы боп.
Адамға қарайтұғын қабағы жоқ,
От пенен судан басқа тамағы жоқ.
Біраздан соң қарасаң аузын ашып,
Ішіндегі қалады жабағы боп.
Көзіме көрінеді сары болып,
Ішінде от пен су жары болып,
Төрт аяғы түйенің табанындай,
Екі құлағы шошқаның қабанындай.
Көзіме көрінеді сары болып,
Ішінде от пен су жары болып,
Төрт аяғы түйенің табанындай,
Екі құлағы шошқаның қабанындай.
Сылдыр-сылдыр сары айғыр,
Ашуланса кісінер,
Құлындары құла ала,
Құйрық жалы қара ала.
Аузы бар арқасында иегі жоқ,
Далаға кіріп шығар тірегі жоқ,
Күл менен жаңқа жеп, су ішеді,
Байғұстың онан басқа қорегі жоқ.
Арығы жоқ, жабы жоқ,
Су ағады сыртылдап,
Ортасында бір нәрсе,
Қызарады жылтылдап.
Қоқан бөркі басында, қос қоржыны қолында,
Ханда жақсы көрініп отырады қасында.
Өзен емес, көл емес, су ағады жылпылдап,
Ортасында бір нәрсе қызарады қылтылдап.
Жылғасы жоқ, саясы жоқ,
Су ағар жылтырап.
Ортасында бір нәрсе,
Қызарады қылтырап.
Дәлекей қалпақ басында,
Екі бала қасында.
Қайда тақыр көрінсе,
Қақаяды қасында.
Ғаламат төрт аяғын басып тұрған,
Сырғасын құлағына асып тұрған.
Ысқырған айдаһардай айдыны бар,
Аузынан гауһар отын шашып тұрған.
Айтайын бір жұмбағымды саған нұсқап,
Басына бөрік киер, құндыз ұстап;
Үстіне ақ бешпетін киіп алып,
Жүреді екі қолын артына ұстап.
Айуан төрт аяғын басып тұрған,
Аузынан заһар отын шашып тұрған.
Су келеді сылдырап,
Қос қоржыны жанында,
Қоңыр телпек басында,
Ұзын бойлы қарадан,
Жолдасы бар қасында.
Бұрқан-талқан болады,
Шыдамаса ашуға.
Базардан алып келген алтын сандық,
Он жігіт омыраудан кілт салдық,
Су ішіп, көмір жеп, күл түскен.
Кішкене ғана келіншек,
Екі шелек су ішеді,
Бір адамды қинайды,
Көп адамды сыйлайды.
Ішпей-жемей тұрады суға тойып,
Жар басынан кетеді құдық ойып.
Бір нәрсе аш жыландай жылап тұрған,
Көзін жұмып, ақырын бұлап тұрған.
Төбесінен азырақ алтын құйсаң,
Бұрқыраған бұлағы құлап тұрған.
Бір жәндік айдалада жүрген неғып,
Киімін мінсіз қылып пішкен неғып?
Киімі: бөрік, тақия, бір қамзол,
Алып тұр екі иініне үкі тағып.
Анау тұрған нар ма екен,
Нар ботасы бар ма екен?
Табанында тас қойып,
Дәрет алған бар ма екен.
Төрт аяғы астында,
Ақ сәлдесі басында,
Нелер жақсы келгендер
Ұялмай ішер қасында.
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі