Табиғат туралы жұмбақтар

Бұл бөлімде табиғат туралы жұмбақтар жинақталған. Табиғат құбылыстары, қоршаған орта және табиғатқа қатысты қызықты сұрақтар берілген. Жұмбақтар балалардың танымын кеңейтіп, табиғатты түсінуге көмектеседі. Әр жұмбақтың жауабы бірге ұсынылған.

Ең көп қаралған жұмбақтар

Соңғы жұмбақтар


Түнде сөнемін,
Таңертең қайтып келемін.

Күн


Күмбірлетіп тау ішін,
Қайталанды дауысым.

Жаңғырық


Дауысынды қайталап жырақта,
Айнытпай жеткізер құлаққа.

Жаңғырық


Айтқаныңды айнытпайды,
Қайталайды өзіне.
Тіл қатқанмен қаймықпай,
Көрінбейді көзіне.

Жаңғырық


Төгiлiп жерге ақ моншақ,
Ғайып болды сол шақта-ақ.

Бұршақ


1 ағаштың 12 бұтағы бар, әр бұтағында отыздан жапырағы бар, жапырақтың 1 жағы ақ, 1 жағы қара?

Жыл, ай, күн мен түн


Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық боп

Күн


Ағайынды бəрi:
Шықса – көк,
Түссе – сары.

Жапырақтар


Күндіз бар да, түнде жоқ,
Онсыз өмір мүлде жоқ.

Күн


Ғажап көпір аспалы
Айшықтап тұр аспанды.

Кемпірқосақ


Төбедегі сылдырмақ
Төмен түсті құлдырап.
Сылдыр-сылдыр сылдырмақ
Сынып қалды сыңғырап.

Сүңгі


Көкте туып,
Жерде өледі.

Жаңбыр


Бұлт ішінде бурыл ат кісінейді.

Күннің күркіреуі


Будақ түтін түсі аппақ,
Көк жүзіне тұзақтап.
Қойғандай-ақ жылжымай
Тауды өбеді құшақтап.

Ақша бұлт


Бірде селбір жабағы,
Бірде теңбіл жабағы.

Бұлт


Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жүретұғын жолы жоқ.
Мінезі де жеңілтек,
Тіл алмайтын бір тентек,
Шөпшілердің шөбін шашты,
Қалпағымды ала қашты.

Жел


Ақ шапанын үстінен
Алты ай бойы шешпеді.
Қара шапаны үстінен
Алты ай бойы түспейді.

Қысқы ақ қар, жазғы қара жер


Бөркін ағай киеді ошырайтып.

Томарға түскен қар


Ақ сиыр туып кетер,
Қара сиыр жатып қалар.

Қардың кетуі


Қарағайсыз, тақтасыз,
Көпір салдым балтасыз.

Мұз

Табиғат туралы жұмбақтар туралы

Бұл бөлімде Табиғат туралы жұмбақтар бойынша жұмбақтар жинақталған. Жұмбақтарды жауабымен бірге оқу ойлау қабілетін, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектеседі.

Жиі қойылатын сұрақтар

Табиғат туралы жұмбақтар деген не?

Табиғат туралы жұмбақтар – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.

Табиғат туралы жұмбақтар кімдерге арналған?

Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.

Жұмбақтарды жауабымен қайдан оқуға болады?

Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.

Жұмбақ бөлімдері мен түрлері

Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.