Бұл бөлімде табиғат туралы жұмбақтар жинақталған. Табиғат құбылыстары, қоршаған орта және табиғатқа қатысты қызықты сұрақтар берілген. Жұмбақтар балалардың танымын кеңейтіп, табиғатты түсінуге көмектеседі. Әр жұмбақтың жауабы бірге ұсынылған.
Қонақтап күнде келер су бетіне,
Пар келмес гауһар заты келбетіне.
Сәулесі су жүзінде дірілдейді,
Тамаша қарап тұрсаң суретіне.
Ай
Жабықта жарты нан.Ай
Кішкентай нан барша ғаламға жетеді.Ай
Күндіз әйнегі сынады,
Түнде орнында тұрады.
Ай
Айдаһар күндіз жатып, түнде шығар,
Қаһарлы қалыбына әркім құмар,
Болыпты туғаннан-ақ күнмен талас,
Күнді көрсе айдаһардың жүзі солар.
Ай
Керегенің басында кепкен бауыр,
Кесіп алса таусылмас неткен бауыр?!Ай
Көп моншақ ішінде бір түйір қалам.Ай
Көлде жүрген ақ үйрек,
Түнде бар да, күндіз жоқ.Ай
Үй астында ақ тоқым.Ай
Жабық астында жарты күлше.Ай
Төсек астында жарты нан.Ай
Ақырған айдаһардай арыстаным,
Айтысып тағы жұмбақ қалыспағын.
Екі өркеш, жеті башпай жұмбағым бар,
Осыны ойламай тап, данышпаным.Ай, күн, апта
Қарындасы қонаға
Ағасын іздеп келгенде,
Ағасы қашып кетеді,
Үйден шығып бір жерге.Ай мен күн
Ғажайып сылақтаған бір арғымақ,
Бірі алтын, бірі күміс екі құлақ,
Болғанда жеті әйелмен аямай-ақ.Күн, ай,отыз күн, апта
Көк жүзіне қарасаң, төбеңде тұрады,
Көл бетіне қарасаң, төменде тұрады.Күн, ай, жұлдыздар
Керегенің басында кепкен жаулық,
Кет десем де кетпейді, неткен жаулық?Күннің кереге басына түскен сәулесі
Ақ сандығым ашылды,
Қызарып жалын шашылды.Күн
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен дүрлер шашылды.Күннің көзі
Ұзын-ұзын сырғанақ ,
Ұшығына кім жетер?
Асыл бесік күйкентай,
Жұмыртқасын кім табар?
Күннің батуы, шығуы
Аспанда бір айна бар,
Әлемді көріп айналар.
Күн
Табиғат туралы жұмбақтар бөлімінде қазақша жұмбақтар жауабымен жинақталған. Бұл беттен балаларға, оқушыларға және ересектерге арналған қызықты, логикалық және танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жұмбақтар ойлау қабілетін дамытып, тапқырлықты арттыруға көмектеседі.
Табиғат туралы жұмбақтар – ойлауды дамытуға арналған қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға және ересектерге де арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен онлайн оқуға болады.
-
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі