Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 106-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Алдымнан өтті бұлдырлап,
Тұра қалдым жолында.
Ұстайын деп ойладым,
Ілінбеді қолыма.Жел
Құйрығы, екі мүйізі,
Түбінде шидің шықпаған.
Ту қоян жатыр тумаған,
Шыбықпен ұрсам, шықпаған,
Қарғыды тамнан соқпаған.Жел
Әне барады өзі,
Көрінбейді ізі.Жел
Желіп кетсе жеткізбес,
Жерге түссе табылмас.Жел
Бір нәрсе көрінбейді, бар ғой өзі,
Адамзат ол нәрсені көрмес көзі.
Жансызды қимылдатып жанды қылар,
Ызылдап, ызың қағар айтқан сөзі.Жел
Бар екен бір мақұлық боздайтұғын,
Жұлқынып төңіректі қоршайтұғын.
Жаһанды жалпағынан басып өтіп,
Ұшқан құс, жүгірген аң озбайтұғын.Жел
Қол-аяғы жоқ болса да,
Қақпа есікті аша алған.Жел
Жерде емес, аспанда емес, арасында,
Қол жетпес ұсынғанмен саласына.
Өзінің ұшқырлығы құстан жүйрік,
Ойланып бұл жұмбақты табасың ба?
Жел
Жол үстінде семіз тоқты,
Құйрығын көтере алмай жерге соқты.Боран
Ақ боз жорға,
Күн бұрын ойламасаң,
Кезігерсің көп сорға.Боран
Жер түбінен боз жорға ат келеді.Боран
Ұстасаң - қолға ілінбес,
Қарасаң - көзге көрінбес.
Жүрсе ізі жоқ,
Көретін көзі жоқ.
Гулесе күші бар,
Таңқаларлық ісі бар.
Боран
Қыс болса қыр мен ойды аралайды,
Жаз болса қозғалуға жарамайды.Боран
Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді,
Аузы жоқ ұлиды.Боран
Қуып едім мойнын бұрмады,
Ұстайын деп ем қолға тұрмады.
Боран
Терісін жыртпай етін жеген,
Жілігін шақпай майын жеген.Аяз
Есіктен кірді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып.
Аяз
Құлағы мен көзі жоқ,
Жоқ тіпті қол мен аяғы.
Бірақ ғажап өнерпаз,
Мәнерлеп ою ояды.Қырау
Жазда болмайды,
Қыста болады.
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.Қырау
Шолақ мылтық жер теседі.Тамшы
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі