Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 107-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Мұрынсыз шымшық мұз теседі.Тамшы
Тама-тама тас тескен.Тамшы
Жездекем жезді қамшысымен жер шұқылайды.Тамшы
Бір нәрсе өліп жатыр, жетіп ажал,
Малының қисабы жоқ безбенге сал.
Сүйегі көкте де емес, жерде де емес,
Жігіттер, көңіл қойып, ойлаңыздар.Қар
Бір түйем жүре алмайды майы көптен,
Ол түйем тойынбайды жеген шөптен.
Егер де осы түйем өліп қалса,
Сүйегі табылмайды жер мен көктен.Қар
Батырмай жерге қонады,
Жердің беті оңады.
Қыста ғана тұрады,
Ұстасаң қолың тоңады.
Қар
Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады.
Жазғытұрым болғанда,
Су болып сайға ағады.Қар
Аппақ етіп айналаны,
Ақ көбелек айналды;
Әбден қонып болған соң,
Жер әлемде жайланды.Қар
Жерге қонған аспаннан көп көбелек,
Жазда іздесем бірі де жоқ көбелек.
Қар
Бір көрпем болушы еді ақ бәтестен,
Кім екен ыстық қолмен оны сөккен.
Төсекке көк пүліштен кілем салып,
Ғайып боп кетті өзі жер мен көктен.Қар
Жер жиһанға ұн шаштым.Қар
Мамықтай ұлпа,
Қанттай ақ.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.Қар
Қара сиыр туып кетер,
Қара сиыр жатып қалар.Қардың кетуі
Қыста бар да, жазда жоқ,
Ол көп болса көңіл тоқ.Қар
Ақ қойым тұрып кетті,
Қара қойым жатып қалды.
Қар мен жер
Қыстыгүні аппақ,
Жаздыгүні сұп-сұйық.Қар, су
Төмен қарап өседі,
Күн жылына өшеді.Сүңгі
Шешесі-су да, әкесі-суық,
Көктемде өлер күзгүні туып.Мұз
Арқалық салмай үй жаптым,
Суықта жылжымай жаттым.Мұз
Қыста өседі ақ сәбіз
Төбесінде үйлердің.
Дәнегі жоқ шақсаңыз,
Соның үшін тимедім.Мұз
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі