Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 111-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Аспанда қыран сары кісі алады,
Болғанда кешке жақын ән салады.
Құдайдың құдіретіне қарап тұрсаң,
Түтікпен тақыр жерден су алады.Маса
Айтамын мен бір жұмбақ сарасынан,
Мекке мен Мәдиненің арасынан.
Тамаша сірә мұндай көрдіңдер ме,
Анасы туады екен баласынан.Қалып
Бір адам кейпі жаман, жалпақ бетті,
Тауыпты ерге тимей қырық перзентті.
Әр қайсы тоқсан алты бала туып,
Ол өзі жансыз талай мыңға жетті.Бір, қырық қадақ, тоқсан алты мысқал
Сабы бар екі қарыс, басы қуыс,
Істейді адамзатқа күнде жұмыс.
Бәрінде жан біткеннін бірдей көрер,
Міндетті қызметін етпес бұрыс.Метр,өлшеуіш
Кішкентай ғана місіре,
Тәмәм елдің жесіре.Тиын
Жер жүзінде бір қыз бар,
Қырық ерге тиіпті,
Тиіпті де шығыпты
Және тағы қыз екен.Ақша
Дүние аты мәшһүр болған қымбат,
Ықшамды әдемілік, сонда сымбат.
Мақсатың көңіліндегі табылады,
Адамға ықыласпен қызмет қылмақ.Ақша
Кішкентай ғана безер,
Жер дүниені кезер.Күміс ақша
Алты аяғы бар,
Талдан таяғы бар,
Арқасында құйрығы бар,
Иесінен бұйрығы бар.Безбен
Үш тармақ, басы жұмыр сабағы бар,
Келмейтін дастарханға табағы бар.
Берсеңде қандай нәрсе жеп қояды,
Тоятын қырық асаса тамағы бар.Безбен
О, құдайдың бұйрығы,
Төбесінде құйрығы.
Алты аяғы,
Екі табаны бар,
Бір таяғы бар.Таразы
Қам қамал, қамқам қамал, қамқан кемер,
Бұл қамқан тоқсан алты толып семер,
Құмырсқа қисық жолын түзетеді,
Бар ма екен осыдан да басқа себеп.Таразы
Бір нәрсе екі аяқты, сабағы бар,
Жейтұғын дастархансыз табағы бар.
Жануар не берсең де талғамайды,
Күніне қырық асайтын тамағы бар.
Таразы
Сегіз оннан құралған сексен сегіз,
Арасында төрт-төрттен екі сегіз.
Кейде жиып кетеді,кейде тосып,
Шешесіз ақылға сап тексерсеңіз.Есепшот
Бір талай құс кеп қонды балағанға,
Болады сексен сегіз санағанда.
Ішінде сексен үйрек, сексен қарға,
Құйрығын жан шыдатпас тарағанда.Есепшот
Қойыма қора соқтым жермен жексен,
Бұл қойым кейде сегіз, кейде сексен,
Сегізді сексен менен қосып салса,
Болады сексен сегіз бөгелместен.Есепшот
Бар еді бір жұмбағым сексен сегіз,
Табасың ақылменен ескерсеңіз.
Болғанда бірі-онға, оны-мыңға,
Жауабын кешіктірмей жеткерсеңіз.Есепшот
Айналасы қорған,
Он жігіт бар торыған.
Есебі көңілден,
Арқаны темірден.Есепшот
Бітімді төрт бұранда,сегіз сала,
Үстінде ойнақтайды сексен бала.
Еш пенде бұл жұмбақты тапқан емес,
Тауып бер жұмбағымды шапшаң ғана.Есепшот
Бағылған бір қорада жүздей саулық,
Соғылған қорғаны бар биік тау қып.
Бес қасқыр араласып бастан-аяқ,
Бірін қуып, бірін тартып кетті қайтып.Есепшот пен саусақ
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі