Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 112-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Бір нәрсе бұл дүниеде жоқ дерегі,
Әр жерде ақылдассаң бар керегі,
Қыстауы, жаз жайлауы он өзенде,
Өзінің сексен сегіз дөңгелегі.Есепшот
Айнала қарағайдан тұр терегі,
Адамға ақыл қосса бар керегі.
Ол өзі он өзекті жайлап өткен,
Сексен сегіз келеді дөңгелегі.Есепшот
Бір қалаға қоныпты ұшып келіп,
Топтана сексен сегіз қараша үйрек,
Төртеуден бөлініпті бір сегізі,
Қалғаны кілең оннан-оннан бөлек-бөлек,
Болған соң бес адамның күзетшісі,
Жайылды көк шалғында кейде өрістеп.Есепшот
Бір нәрсе сондай епті жер баспайды,
Аптығып ақылынан бір саспайды.
Данышпан ақылы көп сондай зерек,
Жаңылып басқа жөнге бір баспайды.Есепшот
Ол не дүр бір нәрсе бар ойға зерек,
Жүгірер әрлі-берлі дөп-дөңгелек.
Жай нәрсе өз бетімен түк білмейді,
Қосымша адамзаттың зейіні керек.Есепшот
Бұтаға ілген үлпершек,
Іші нәрлі қызыл сөл,
Теріп алып үлгерсек.Бүлдірген
Тұлымы бар төбесінде,
Күлтеленіп шумақталған,
Құлағы бар денесінде,
Сұңғақ бойы бунақталған.Қамыс
Көлді жердің,
Үкілі аруы.
Өткір желдің,
Саз тартар қаруы.Қамыс
Саздауыт жерде өседі.
Хош иісі аңқыған,
Шипа өсімдік деседі.Жалбыз
Аумайды бір қылыштан,
Пұліш түсі жап-жасыл.
Соғылғандай мырыштан,
Өтпейтұғын жап-жасыл.Қияқ
Өзіне шап шақ,
Киген қалпағы аппақ,
Балалар тұр қаптап.Бақбақ
Тасты жапқан түк кілем,
Тамыры жоқ, мүк кілең.Қына
Тасты тесіп, күресіп,
Терең жайып тамырын.
Ақ күлгін шөп тұр өсіп,
Қарсы ап дәйім таң нұрын.Тау гүлі
Шөлде
Гүлдейді, құлпырады,
Суда
Өмірі қырқылады.
Сексеуіл
Әсем гүлді өсімдік,
Жыл бойы тұрады.
Жапырағы көгеріп,
Салтанат та құрады,
Гүлшоқ болып өріліп.Лавр
Жазғы киімі жасыл,
Қысқы киімі ақшыл.Қар жамылған ағаш
Жасыл болып жыпырлап өнеді,
Сары болып үзіліп семеді.Жапырақтар
Қысы-жазы шешпейтін,
Көйлегі бар жасылдан.
Өзгертпейді еш кейпін,
Жаралғандай асылдан.Шырша
Ағаштардың көркемі,
Мәңгі жасыл бұтағы.
Мекен ғып тау-өлкені,
Кәусар ауа жұтады.Шырша
Дауылға нық күші,
Ағаштың мықтысы.Емен
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі