Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 113-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Күн нұрымен піседі,
Уылжып қолға түседі.Жеміс
Үйі де жоқ,
Күйі де жоқ.
Бірақ
Жауыннан да,
Дауылдан да,
Қымсынбайды.
Ыстыққа да,
Суыққа да,
Шын шыдайды.
Шешуін айта ғой,
Балалар білсін жайды.Өсімдіктер
Сырнайынан төгіп жыр,
Күнге сәлем беріп тұр.Күнбағыс
Күнді аңдып шалқалап,
Гүлмен жапқан қалқалап,
Бақшада өскен теректің,
Дәндерінен май тамар,
Шағып жеген нәр табар.Күнбағыс
Көрсең өскен желісін,
Жапырағы қазтабан.
Мөлдір қара жемісін,
Қыста емес, жаз табам.Қарақат
Түбі толған құмалақ.Картоп
Доптар жатыр желісі бар,
Қабат-қабат терісі бар.Орамжапырақ
Тігіп алып көк шатыр,
Қызылкүрең доп жатыр.Қызылша
Іші аумаған жүгері,
Түрі-түсі алмадай,
Ойымның жоқ бүгері,
Жесең бал деп қалмағай.Анар
Қызыл күрең түрі бар,
Тебіндеген бүрі бар.
Піскен кезде қаулайды,
Алтыннан бір аумайды,
Бал татыған нәрі бар,
Онда емнің бәрі бар.Шабдалы
Суық ұрса бүрлейді,
Көктем шыға гүлдейді.
Күнге басын иеді,
Мол шуақты сүйеді.
Күте білсең бабымен,
Өнім берер қабымен,
Қызыл, сары түйіні,
Витаминдер жиыны.Алша
Тіл үйірген дәмі бар,
Сары алтын түс — сәні бар.
Шақсаң егер кептіріп,
Сүйегінің дәні бар,
Баққа тұрар сән беріп,
Алқа етіп тізіп ал.Өрік
Желілері жайылып,
Жол-жол болып жатады.
Күн нұрына бой ұрып,
Жердің нәрін татады,
Жасыл шатыр астында,
Кететіндей үзіліп,
Тұр көп маржан тасындай,
Мойыл моншақ тізіліп.Жүзім
Табаны суды сүйеді,
Қабағы күнге күйеді.Күріш
Біреуін бердім,
Онын тердім.Тұқым
Тегіс жер кесілді,
Арқандай есілді.Жыртылған жер
Мұз астында қыстайды,
Жасыл тонын тыстайды.Гүл шешек
Бір кезде қыз келіншек болған мырза,
Өзінің көркемдігіне болып ырза.
Бір аздан соң түрін көрсең,
Қалады бөлек-бөлек болып сайда.Өсімдіктің өсуі мен қурауы
Аяғынан қаз тұрған,
Қалпағы бар антұрған.Саңырауқұлақ
Сырты бүтін,
Іші түтін.Саңырауқұлақ
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі