Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 114-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Айтайын мен бір жұмбақ қыл тамаша,
Тыңдама жұмбағымды ұнамаса.
Ішінде сүйектері бақша-бақша,
Басында бар шағасы оннан аса.Кеурек
Ұзақтан қарасам аппақ,
Қасына барсам шапшақ
Жеп қарасам балдай,
Ұстап қарасам талдай.Кеурек
Алыстан қарасаң қара,
Жақындасаң бала.
Ұстаған таяқ,
Жесең тамақ.Кеурек
Өз елімде ел едім,
Желпілдеген жел едім.
Қырғызға түстім қиылдым,
Қырық жерімнен буылдым.Ши
Қатар-қатар тізілген,
Үкілі бөрік киінген.Қамыс
Буын-буын, буыншақ,
Түйін-түйін, түйіншек.
Қырық қыздың шешесі,
Әлі көрсем келіншек.
Қамыс
Ақ сәлделі молдалар
Ертелі-кеш аллалар.Қамыс
Ұзын терек,
Іші кеуек.Қамыс
Тасқа шығар көк,
Бірақ тамыры жоқ.Қына
Өзі өте жіңішке,
Ішінен рулы ел көшіп өтеді.Қамыс
Өзі ұзын жіңішке,
Бұтағы жоқ.Қамыс
Бір нәрсе ұзын бойлы сәлдесі бар,
Қойнында құшақтаған баласы бар.
Айтайын мұның жайын сұрасаңыз,
Аққұба ұйықтап жатқан анасы бар.Қамыс
Тоғай толған жандар бар,
Әр жандардың ішінде
Бөлмелеп салған тамдар бар.Қамыс
Қатар-қатар тұрғандар,
Түлкі тымақ кигендер.Қамыс
Басына үлпілдетіп таққан шашақ,
Бұралып тал шыбықтай тұрған жасап.Қамыс
Онда барып ондай болдым,
Мұнда келіп мұндай болдым,
Белін буған қындай болдым.Ши
Ұшарымды жел біледі,
Қонарымды сай біледі.Қаңбақ
Бір-ақ жерде жасында
Тұрды оранып жасылға.
Қартайғанда сарғайды,
Кезіп кетті сай-сайды.Қаңбақ
Шеңбер жасап өседі,
Желмен бірге көшеді.
Қаңбақ
Бар екен бір асыл зат жерден өнген,
Кезуге жер дүниені өзі көнген.
Барады дөңгеленіп тор жорғадай,
Айдалада жүруге тым-ақ жөндем.Қаңбақ
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі