Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 141-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Екі достың бірі ыңғайлы,
Біреуінен ебі жоқ.
Екеуін де бірдей көрем,
Маған артық-кемі жоқ.Екі қол
Бар екен бір жыланның отыз іні,
Түп-түзу бұл жыланның жоқ дүр міні.
Ғажайып бір мінезі тағы да бар,
Шықпайды бір інінен күндіз-түні.Жұлын
Қиын-қиын қиялар,
Қияға жұмыртқа ұялар.Ми
Қарағай басына қатық ұйыттым.Ми
Жар басында жарты сыпыра.Құлақ
Жар басында жарты кепе.Құлақ
Тауда жарбайып тұр.Құлақ
Тауда жарбайып тұр.Құлақ
Құла бетте қисық астау.Құлақ
Ғаудыр-ғаудыр шанашым,
Қартайғанша көрмедім.Құлақ
Екі кісі ерегісіп келеді.Құлақ
Асқар бел,
Асқар белдің аржағында ақ өткел,
Ақ өткелдің аржағында кішкене тау,
Кішкене таудың аржағында қиған қамыс,
Қиған қамыстың аржағында мидай дала,
Мидай даланың аржағында қара қопа,
Қара қопаның ішінде қара шошқа,
Қара шошқаны алады жалғыз тоспа.Иек, ауыз, мұрын, қас, маңдай, шаш,бит, тарақ
Бір топ қамыс,
Бір топ қамыс астында қиған қамыс,
Қиған қамыс астында жылтырауық.
Жылтырауық астында пышылдауық,
Пышылдауық астында тебендеуік,
Тебендеуік астында қатар-қатар тас,
Ортасында жылмаңдауық.
Шаш, қас, көз, мұрын, ерін, тіс, тіл
Қалың қамыс, қалың қамыс,
Астында қия қамыс.
Пысылдауық, пысылдауық,
Астында сақылдауық.Шаш, қас, мұрын, ауыз
Үрпек-үрпек тау,
Үрпек таудың астында екі жарық жұлдыз,
Оның астында екі тышқақ тоқты,
Оның астында жатқан тағы бір құндыз.Шаш, көз, қас, мұрын, мұрт
Бір таудың адам жүрмес қиясы бар,
Екі самұрық ,қос қыран ұясы бар.
Бітіпті етегіне құрма ағашы,
Басында бұлбұл құстың ұясы бар.
Бас, көз, құлақ, тіл, ауыз, сақал
Бір жанды мақұлық көрдім формы бөлек ,
Бір тау бар ортасында дөп-дөңгелек.
Үстіне шыққан шөбі бәрі тегіс,
Мал жемес, шауып алып неме керек.
Ол таудың ортасында екі өзен,
Астында бұлағы бар, алды кезең,
Не астына, не үстіне шыққан шөп жоқ ,
Адамзат көргені жоқ ондай өзен.
Ол таудың етегінде жалғыз құдық ,
Беткейде асыл таспен аузын қиып,
Ішіне кірген нәрсе тірі шықпас,
Асыл тас жібереді бәрін қиып.Бас, бет, ауыз, тіс
Бір таудың басында бар бір топ тоғай,
Ойлаған ақыл-ойға жұмбақ оңай.
Сол таудың етегінде бір сарай бар,
Жүк әкеп түсіреді он бай ноғай.Бас, ауыз, қол
Бір тауда мекен еткен отыз бөрі,
Ол кісі отызының қызметкері,
Жанында екі адам қарауына
Жүрмейді бірі ілгері, бірі кейін.
Тағы да екі адамнан тыңшысы бар,
Есітіп келіп тұрған әңгімені,
Бірінің ортасында бағлан қозы,
Секіріп ойнап тұрған әрі-бері
Істейді біреуді екеу, қиынды оңай,
Қозыдан пәрменменен шыққан желі ,
Сол тауда мекен еткен бөрілердің,
Бойы бар ұстап көрсең екі-ақ елі.
Жалмаймын жер жаһанды десе-дағы,
Көрсетпейді қымтап тұрса екі тері.Бас,отыз тіс, екі көз, екі құлақ, тіл, ерін
Қарамасаң жайлауға,
Қабан келер шайнауға.Бас пен бит
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі