Жұмбақтар жинағы – 136-бет

Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.

Бұл 136-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.

Ең көп қаралған жұмбақтар


Екі доп ауысты,
Бір шеңберді тауысты.

Күн, Ай, Тәулік


Күн мен түннің кеңдігін,
Жер шарының ендігін,
Қақ бөліп тұр тепе-тең,
Жұмыр жердің белдігі.

Экватор


Мекені көкте екі ару,
Бір-бірін көруге зәру.

Күн мен Ай



Әлемнің бар екі күзетшісі;
Бірі — күндіз тынығады,
Бірі — түнде тынығады.

Күн мен Ай


Жайғаным түкті кілем,
Ілгенім — тықыр кілем.

Жер мен Аспан


Тіршілік аусар тек,
Ұстасаң қауқар жоқ,
Айналам қоршау көк,
Одан асқан кәусар жоқ.

Ауа


Әйнектей көгілдір,
Теңіздей тым мөлдір.

Аспан


Төріңде тұр нұр көзі,
Жердің биік күмбезі.

Аспан


Көкжиегі тұйық дөң,
Шатыр тіккен биік кең.

Аспан


Салмағың бар өлшесем,
Көрінбейсің көзге сен.

Ауа


Бір нәрсе жер мен көктің арасында
Көрінбейді өзі түгіл қарасы да,
Білінбей жер үстінде жүрсе-дағы,
Пайдалы адамзаттың баласына.

Ауа


Бар ма, жоқ па, анық білмейсің,
О жоқ жерде өмір сүрмейсің.

Ауа


Аспанда ұшып жүрген алты торғай,
Өмірбақи жүреді жерге қонбай.

Үркер


Туғанда алтау едім,
Өле-өле жетеу болдым.

Үркер


Байладым бір қазыққа екі жылқы,
Екі жігіт ала алмай болды күлкі,
Жетеуі бір қызға ғашық болып,
Ағарды қасіреттен сақал-мұрты.

Темірқазық, Ақбозат, Көкбозат, Жетіқарақшы, Шолпан жұлдыз


Бап-бап, басы бар,
Алтын ердің қасы бар,
Бұны тапқан адамның
Жүз жиырма да жасы бар.

Шолпан


Мен бір жұмбақ айтайын асыл досқа,
Бір сарай толып тұрған ақ күміске,
Болғанда алты тауық, жеті тақ-тақ,
Баршасы қорқады екен тоты құстан.

Үркер, Жетіқарақшы, Шолпан


Алты қоян қашады бұдан былай,
Жеті лашын қуады ұдай-ұдай.
Артынан екі бүркіт тағы кетті,
Шешіп бер жұмбағымды қарап тұрмай.

Үркер, Жетіқарақшы, ай, күн


Алты қаз, жеті үйрек, бір бөдене,
Кейде орта, кейде толы сары тегене,
Тұнық пенен лайдың арасынан,
Бір аққу ұшып шықты қанат кере.

Жетіқарақшы, Шолпан,Үркер, күн


Аспанда ұшып жүрген жеті торғай,
Барады бір-біріне қосыла алмай.

Жетіқарақшы

Жұмбақтар жауабымен туралы

Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмбақтар жауабымен деген не?

Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.

Жұмбақтар жауабымен кімдерге арналған?

Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.

Жұмбақтарды жауабымен қайдан оқуға болады?

Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.

Жұмбақ бөлімдері мен түрлері

Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.