Өзі қызыл,
Бауырында бар,
Жалғыз сызық.
Бұған жұрттың,
Бәрі де ынтық.
Мезгілсіз піспейді.
Піспей түспейді,
Шыңнан құласа,
Шекесі іспейді.
Тәтті.
Тәттінің іші қатты,
Қаттының іші тәтті.
Кішкентай ғана құтыша,
Іші толған мықша.
Арбиған әкесі бар,
Тарбиған шешесі бар.
Қозғалмай бір орнында қарап тұрар,
Адамның қажетіне жарап тұрар.
Қаншалық жәбір көрсе, сабыр етіп,
Және де көбеймекке талап қылар.
Басына үлпүлдетіп таққан шашақ,
Бұралып тал шыбықтай тұрған жасап.
Мен тұрып бір таяқты қолыма алдым,
Ішіне қошқыл қызыл бояу салдым.
Қызарып сол бояудан шыққан таяқ,
Ұрғанда созылады қайран қалдым.
Әне барды өзі,
Көрінбейді ізі.
Ақ сиыр тұрып кетер,
Қара сиыр жатып қалар.
Төгілген жерге ақ моншақ,
Ғайып болды сол шақта-ақ.
Қыс жатады, жаз тұрады,
Жоқ болса да қол-аяқ қаз тұрады.
Қуып едім мойын бұрмады,
Ұстайын деп едім қолға тұрмады.
Өнері жоқ, қолы жоқ,
Сурет салуды біледі.
Кетпейді қасымнан
Сипайды шашымнан.
Желпиді, өбеді,
Бетіме төнеді.
Емес ол жырақта
Көрінбес бірақ та.
Ауыл сыртында сайда,
Жатыр үлкен айна.
Ақ жылан аяғы да, көзі де жоқ,
Сөйлеген не бір ауыз сөзі де жоқ,
Тоқтамай қысы-жазы жүре берер,
Бір сәтке аялдайтын жері де жоқ.
Аспанға ұшар бу болып,
Жерге қайтар су болып.
Көзі жасты,
Тұра қашты.
Тақиям толы сөк,
Ерте тұрсам дым да жоқ.
- Конфуций
- Конфуций
- Эдвард Дж. Стиглиц
- Нельсон Мандела
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі