Алдымда әр түрінен жібек жіптің,
Аспанға әшекейлеп кесте тіктім.
Себелеп інжу шашады,
Сергітіп көңіл ашады.
Там басына тары жайдым.
Бір емен жеті терек, алты қайың,
Бұтағы толып жатыр дайым-дайым.
Ішінде шынар терек үш қарағай,
Өңгесін айта беріп не қылайын.
Екеуі де анасы,
Үш жүз алпыс бес баласы,
Отыз ор дуадақ,
Бес балақ сан,
Қырық сегіз патшасы.
Керегенің басында кетпен жаулық,
Кет десем де кетпейді неткен жаулық.
Тақия толы сөк,
Таң атқанда жоқ.
Керегенiң басында кепкен бауыр,
Кесiп алсаң таусылмас неткен бауыр.
Азаяр қыста қызуы,
Молаяр жазда шыжуы.
Аспаннан күбi түстi,
Күбiнiң түбi түстi.
Жағалдайдың түйесi
Жар жағалап келедi.
Сауырында таңбасы
Күйiп-жанып келедi.
Жансыздан жалғыз шыққан боз арғымақ,
Арқаны бар арқасында жұмақ-жұмақ.
Ер ерттеп, екі айылын тартып алып,
Қамшыласа кетеді зулап-зулап.
Мініп ап боз жорғаны күйге салдық,
Мойнына қатар-қатар түйме салдық.
Он жігіт жол бойында қызмет етеді,
Құбылып неше түрлі әнге салып.
Салдырдым екі жорға жалтыр мұзға,
Он жігіт қызмет қылып жалғыз қызға.
Күніне жалғыз бекет жерді аралап,
Он жігіт тынығады әрең сонда.
Қос қазық екі жерден шынжыр арқан,
Сылдырап әр буыны үнін қосқан.
Он адам жолдас болып еңбек етсе,
Аралап он екі үйге қонақ болған.
Жоқтан бар қып сайратқан,
Тыңдаған жан жай тапқан.
Таңғажайып бір нәрсе,
Үйдің ішін жайнатқан.
Қояды әркім оны бұрап-бұрап.
Бар екен маңдайында жалғыз көзі,
Болады тоқсан түрлі айтқан сөзі.
Басы бар денесі жоқ, бойы бір кез,
Табарсың болсаң зерек осыны тез.
Қозғалсаң қос құлағын тігіп алып,
Тамаша әр тараптан айтады сөз.
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Көңілге түрлі ой салар.
Жоғарыдан айдадым,
Белін жіппен байладым.
Сыпыра тақта астында,
Шалып, қағып ойнадым.
Қара күшігім қаңқ етті,
Дауысы Бұхарға жетті.
- Конфуций
- Конфуций
- Эдвард Дж. Стиглиц
- Нельсон Мандела
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі