Жұмбақтар жауабымен – 18-бет


«Қ» әрпінің мәні көп,
Жарасымды сәні көп.
Бұл әріптен басталған
Сөздердің де саны жоқ.
Басталып бір әріппен,
Бітетін сол әріппен,
Кең даланың қожасы,
Таныс болғын халықпен.
Ол кім?



Дәптерде жоқ,
Қаламда бар.
Өткелде жоқ,
Пеналда бар.



Баста жоқ,
Бетте бар,
Шашта жоқ,
Етте бар.



Үйде жоқ,
Қыста бар.
Түзде жоқ,
Тыста бар.



Картада жоқ,
Далада бар.
Арқада жоқ,
Қалада бар.



Көлікте бар,
Арбада жоқ.
Өрікте бар,
Дорбада жоқ.



Арзанда бар,
Қымбатта жоқ.
Маржанда бар,
Сымбатта жоқ.



Күректе бар,
Суретте жоқ.
Жүректе бар,
Тілекте жоқ.



Сағатта жоқ,
Секундта бар.
Минутта жоқ,
Екі ұртта бар.



Үйректе жоқ,
Тауықта бар.
Бүйректе жоқ,
Сауықта бар.



Құланда жоқ,
Бестіде бар.
Бұланда жоқ.
Ешкіде бар.



Пойызда жоқ,
Вагонда бар.
Жағада жоқ,
Погонда бар.



Тамақта жоқ,
Қабақта бар.
Томатта жоқ,
Сабақта бар.



Аяқта бар,
Қолда жоқ.
Таяқта бар,
Жолда жоқ.



Барда бар,
Жоқта жоқ.
Қарда бар,
Отта жоқ.



Тойда жоқ,
Сайда жоқ,
Байда жоқ,
Айда жоқ,
Майда ғана бар.



Қоста жоқ,
Боста жоқ,
Төсте жоқ,
Тоста жоқ,
Қошта ғана бар.



Таста жоқ,
Баста жоқ,
Қаста жоқ,
Аста жоқ,
Доста ғана бар.



Қалада бар,
Далада бар,
Балада бар,
Данада бар,
Көкте ғана жоқ.



Түйеде бар,
Түймеде бар,
Күймеде бар,
Үймеде бар,
Биеде ғана жоқ.



Тілде бар,
Сөзде жоқ.
Түнде бар,
Күнде жоқ



Итте бар,
Қойда жоқ.
Китте бар,
Тайда жоқ.



Төрде бар,
Көлде жоқ,
Өрде бар,
Шөлде жоқ.



Намазда бар,
Далада жоқ.
Азанда бар,
Қалада жоқ.



Иманда бар,
Мешітте жоқ.
Имамда бар,
Есікте жоқ.



Адалда бар,
Арамда жоқ.
Халалда бар,
Харамда жоқ.



Дәнде бар,
Нанда жоқ.
Мәнде бар,
Санда жоқ.



Азда бар,
Көпте жоқ.
Сазда бар,
Шөпте жоқ.



Ел екеуін мақтайды,
Өнеріне сенеді.
Бірі қолмен ұстайды,
Бірі аяқпен тебеді.


Жұмбақ бөлімдері мен түрлері