Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 27-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Кіргенде ініне сыңар-ды,
Ұрпағын ертіп ол шығарды.Картоп
Көйлек, бешпет, халат та
Киген екен қабаттап.
Ақырында июннің
Терлеп, жанып-күйгесін,
Үстегі бар киімнің
Қойды ағытып түймесін.Капуста
Ертеңгілік үлкен,
Кешкілік үлкен,
Талма түсте кішкентай.Күн
Көк аспанды байытқан
Қара бұлтқа тәп-тәуір
Пайда болып ғайыптан,
Ғайып болды от-тамыр.Найзағай
Көбелек секілді келгенде,
Кеткенде әбжылан сияқты.Қар
Тіріде, басы аманда
Асылып тұрар әмәнда.
Аяғы жерге тимейді,
Аязсыз күнді сүймейді.Сүңгі
Шешесі — су да,
Әкесі — суық.
Көктемде өлер,
Күз күні туып.Мұз
Көл бетінде керуен жол.Құс жолы
Бояуларым қашып кетті,
Көк қағазды басып кетті.
Қатарларын тізіп алды,
Арттарында ізі қалды.Кемпірқосақ
Қазан толды кілкілдеп,
Қайнайды жәй бүлкілдеп.Жаңбыр кезіндегі айдын
Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады.Бұлт
Қабат-қабат, қабат-қабат ағаш үй.
Әйнектелген, лакталған тамаша үй.
Тұрады онда әр дәуірдің адамы,
Тұтпайды оны адамның тек наданы.Кітап сөресі
Жазда жатса тыныстап,
Дейді қыста «жұмыс тап!»
Тауға шықсаң жетекте,
Қашады алып етекке.Шана
Алпыс төрт тең бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар:
Ақ, қара ғып бөлгенде
Бірін бірі қуғындар.
Ханы үшін де, жаны үшін
Бермейді олар намысын.Шахмат
Мұрнын басса, жабыла сап,
Ернін басса, ашылады,
Ол жоқ жерде, бақыласақ,
Жеті аспабың шашылады.Сумка
Әрі итерсең аунайды,
Бері итерсең аунайды.
Түрі-түсі түгелдей
Анасынан аумайды.Глобус
Жез қораның ішінде
Темір құлын кісінеп,
Қайта келіп ісіне
Кіріседі кісі көп.Қоңырау
Есігі бар төбесінде,
Отырасың келесің де.Парта
Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан еледі.Қарындаш
Жоқ өзінде бас та,
Қас та,
Мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр бойында.Сызғыш
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі