Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 26-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Қырық екі тілі бар,
Тық-тық еткен үні бар.
Оның тілін тек қана
Маман жандар ұғынар.
Жазатын машинка
Көре кетсең болғаны
Көз тігеді ол-дағы.
Жүрсең, бірге жүреді,
Күлсең, бірге күледі.
Жоқ, бірақ та, жүрегі,
Бұл затты кім біледі?Айнадағы бейне
Отын емес жағатын,
Пішен емес шабатын.
Бірақ, адам шашапайды,
Айлап орып тастайды.
Биік жерде өседі,
Мұны не зат деседі?Шаш
Бейне бір жас балақан,
Шапалақтап алақан,
Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады,
Қыста түсі оңады,
Бұл қандай зат болады?Жапырақ
Шақпақ тас,
Әппақ тас,
Қатты тас,
Тәтті тас.Шақпақ қант
Болмасаң құнтсыз,
Кірлеген сайын
Аспанның бұлтсыз
Нөсері дайын.Душ
Сүймейді тоқтауды,
Сүйеді таптауды.
Асфальтты илеген
Көрдің бе оқтауды?Асфальт таптайтын машина
Дауысы да ілеспес
Өзі ұшқан қарқынға.
Созған шүйке іспеттес
Жол қалады артында.Реактивті самолет
Білетін бар жұмысы:
Әлемнің төрт бұрышы —
Оңтүстік пен солтүстік,
Батыс пенен шығысы.
Компас
Бақ ішінде жылан жатыр,
Айналасын шылап жатыр.Шланг
От қойсаң — жалын шығар,
Бос қойсаң — жаның шығар.Газ
Қозғамасаң — құлайды,
Сүйемесең — сұлайды.
Құйымшақта ері бар,
Бұл не деген жануар?
Велосипед
Тар шеңберді айналып,
Тұр қазықта байланып.
Қаға берер таңдайды
Әдетінен танбайды.Қабырға сағат
Бәрің, бәрің, бәріңді:
Бала-шаға, кәріңді —
Тіпті кемпір-шалды да
Отырады алдына ап.Диван
Алдында штепсель,
Артында бауы.Шошқа
Мың найзалы жалғыз батыр
Жауларына алғызбай тұр.Кірпі
Жел-боранда жел болып ескен,
Шекесіне сексеуіл өскен.Бұғы
Құрық та салдырмай бұлқынар
Матрос майкалы жылқылар.Зебра
Тышқаннан басқа батпаған,
Бір шланг, төрт баған.Піл
Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.
Соғым үшін сайлап қойдым,
Бордақылап байлап қойдым.Қарбыз
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі