Жеті бауыр туыспыз
Атымыз өзге демесең,
Жұмған жұдырық уыспыз.Апта күндері
Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не?Айна
Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ тісі бар.
Басыңмен ісі бар. Бұл не?Тарақ
Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сипайды қолын да,
Сипайды жонын да. Бұл не?Сүлгі
Ертемен күнде сен,
Қолыңды сүйкесең,
Кетіп кір-ласың,
Тап-таза боласың.
Бұл не?Сабын
Пайдаланып тұрғанда
Тастайсың суға лақтырып
Пайдаланып болған соң,
Арқалайсың сорғытып.Ау
Көздері бар, қабағы жоқ,
Әсте кірпік қақпайды
Ол қай жәндік суға салсақ
Тұншықпайды, батпайды.Балық
Бас, құлақ, мойны бар,
Үп-үлкен шанағы бар.
Әндетіп шығар әні бар,
Бұл аспап, қай аспап?Қобыз
Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар,
Бұл аспап,қай аспап?Жетіген
Көз жасты – жылауық,
Келе жатыр бір алып.
Жабырқаса жылайды,
Жадыраса тарайды.Бұлт
Алқызыл жоны түрленген,
Құйрығы шар үрленген.
Далада жортып жалтақтап,
Қулықпен күн көрген.Түлкі
Көктемде ақ гүлге оранады,
Күзде қолға доп боп оралады.Алма
Бақалшағы жоқ сыртында,
Үккісі бар ұртында.
Қорегін ұстар таяғы,
Арқанға ұқсас аяғы.Сегізаяқ
Аяғы бар басы жоқ,
Тұлғасы бар қарны тоқ
Екі жақтау қорғаны,
Ол болмаса сорлады.Айқұлақ
Аяғы, тұлға, басы бар,
Сыртында сауыт тасы бар..
Тағамға ұқсас атауы,
Шешуін оның табыңдар.Ұлу
Келгенше шамасы
Аямайды көмегін.
Бар адамзат баласы
Содан алар көмегін.Кітап
Қойған жеріңде жатады,
Қолыңа алсаң өзіңе тіл қатады.Кітап
Бір сандық бар өзгеше,
Қолыңа алып жүресің.
Ішін ашып ақтарсаң
Өмір сырын білесің.Кітап
Бұл тұлпар су ішпейді
Жем жемейді.
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да
Киіп ап төрт дөңгелек дөңгелейді.Автобус
Аппақ, бірақ сүт емес,
Аппақ, бірақ бор емес,
Аспаннан ол түседі,
Даланы ақпен жабады.Қар
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі