Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл 69-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.
Адамның балалық, есі кірген, қартайған шағы
Телеграмма
Кекендеткен несі екен,
Келіп салған несі екен?
Сорпылдатқан несі екен,
Сорқылдатқан несі екен,
Суырып алған несі екен,
Суы тамған несі екен?Желідегі биені емген құлын
Керіп қойған немене,
Көкектеген немене?
Малып қойған немене,
Бал татыған немене?Желідегі құлын, піспек, сабадағы қымыз
Тау астында төрт бала,
Кезек-кезек ойнаған.
Төрт баланың қолына
Төрт айды әкеп байлаған.Аттың төрт аяғы, төрт тұяғы
Алдымда бар нар қамыс,
Артымда бар нар қамыс.
Отырған жерім ой темір,
Басқан жерім бай темір,
Он қолымда-тең қайыс.Ат, үзеңгі, қамшы, атқа мініп отырған адам
Алты аяқты,
Екі қарынды,
Екі басты,
Екі қолды,
Төрт көз, төрт құлақты,
Екі мойын, бір құйрықты.Ат мінген адам
Шиге қамшы байладым.Белбеуге байланған ат
Шауып келе жатып шақшам түсті.Аттың тезегі
Жездем желіп бара жатыр,
Жез қалпағын түсіріп барады.Аттың тезегі
Қарасам, қайдан келдің,
Малы қара сайдан келдің.Аттың тезегі
Ұштым, ұжмаққа шықтым,
Тептім, терекке шықтым.Атқа міну
Алды қияқ, арты шалғай.Аттың жалы
Алыстан қарасам бір қара,
Қасына келсем мың қара.Жылқының құйрығы
Тауға таяқ қыстырдым.Түйенің мұрындығы
Жануар бар жапан дала түзде өскен,
Арқасына екі бала мінгескен.Қос өркешті түйе
Мен көрдім тұтам ақас тау жайлаған,
Тауына тиіп кетсең ойбайлаған.
Үстіне қара орман артып алып,
Барса да қандай жерге той-тойлаған.Жүк артқан түйе
Ермекбайдың екі ұлы ерегесіп келеді,
Төлебайдың төрт ұлы төбелесіп келеді,
Жағалбайдың жалғызы жағаласып келеді.Түйенің екі өркеші, құйрығы,аяғы
Төлебайдың баласы төбелесіп келеді,
Егізбайдың өгей ұлы ерегесіп келеді.
Екеуі қарауыл қарайды,
Біреуі шөпшек тереді.Түйенің аяғы, өркеші, аузы
Тасқа тисе кетілмейді,
Суға тисе ерімейді.Аттың тұяғы
Кішкене ғана тостаған,
Көтеріп қана тастаған.Аттың тұяғы
Ана таумен мына тау соғысып келеді.Аттың төрт тұяғы
Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі