Жұмбақтар жинағы – 68-бет

Бұл бөлімде қазақша қызықты жұмбақтар жауабымен жинақталған. Балаларға және ересектерге арналған логикалық, математикалық, танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жауаптары бірге берілгендіктен, тез қарап шығуға ыңғайлы. Әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.

Бұл 68-бетте де ерекше мазмұндағы жұмбақтар берілген. Алдыңғы және келесі беттер арқылы басқа жұмбақтарды да қарап шығуға болады.

Ең көп қаралған жұмбақтар


Ауылдан ерте тұрып, кетер сыртқа,
Көп жанға жалғыз нәрсе болды тұтқа,
Сол жерден аз жұмысын бітіріп ап,
Қайтады қуанышпен бір уақытта.

Жайылған қой, қозы


Шапаным да, тоным да,
Арқаның жүр жонында.
Атам соның соңында,
Таяғы бар қолында.

Қой, қойшы


Азанда кетер ләйлекен,
Кеште келер ләйлекен.
Түрлі-түрлі жібектен,
Түймесі бар ілгектен.

Қой, ешкі


Баурындағы бұлағын ел ішеді.
Шабылады жотасынан пішені.

Саулық қой


Екен, екен, екен жұмбақ,
Екі етегін түрген жұмбақ.
Қазалыға барған жұмбақ,
Қақтың суын ішкен жұмбақ.

Қой


Төрт тағанды бойы бар,
Момындық дұрыс ойы бар.
Кербезденіп жүрмейді,
Айналдырған тоны бар.

Қой


Арқасы бар, аунамайды,
Аузы бар, күйсемейді.

Сиыр мен ат


Түйір-түйір төртеу,
Түймеменен бесеу.
Жалғыз тайы жалғыз,
Темір қазық екеу.

Сиырдың төрт емшегі, кіндігі, құйрығы, екі мүйізі



Төрт туысқан бір шұңқырға құяды.

Сиырдың емшегі


Төсек астында төрт бауырсақ.

Сиырдың желіні


Жол үстінде жылтыр жібек.

Сиырдың сілекейі


Тырс-тырс тамады,
Бір шұңқырға ағады.

Сиырдың желіні


Қисық шағаға су жұқпас.

Сиырдың мүйізі


Ел жатса да екі батыр жатпайды.

Сиырдың мүйізі


Ел жатса да енекем жатпайды.

Сиырдың мүйізі


Бүкір ағашқа қар жұқпас.

Сиырдың мүйізі


Қисық ағашқа қар жұқпас.

Сиырдың мүйізі


Екі ошаққа бір көсеу.

Сиырдың танауы мен тілі


Екі отауға бір көсеу.

Сиырдың танауы мен тілі


Дауысы - азанда,
Жақсылығы - қазанда.

Бұзаулы сиырдың мөңірегені

Жұмбақтар жауабымен туралы

Жұмбақтар бөлімі – қазақ тіліндегі қызықты, логикалық, танымдық және балаларға арналған жұмбақтардың үлкен жинағы. Мұнда әртүрлі тақырыптағы жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмбақтар жауабымен деген не?

Жұмбақтар жауабымен – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.

Жұмбақтар жауабымен кімдерге арналған?

Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.

Жұмбақтарды жауабымен қайдан оқуға болады?

Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.

Жұмбақ бөлімдері мен түрлері

Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.